Қасымов Құлжабай Әбдіқалыұлының 90 жылдығына арналған еске алу кешіFarabi University

Қасымов Құлжабай Әбдіқалыұлының 90 жылдығына арналған еске алу кеші

4 қазан, 2025

2025 жылғы қазан айында Механика-математика факультетінің Математика кафедрасында кафедраның көрнекті ғалымы, педагог және қоғам қайраткері — Қасымов Құлжабай Әбдіқалыұлының 90 жылдығына арналған естелік кеш өтті.

Іс-шара барысында кафедраның беделді ғалымдары — академик Мұхтарбай Өтелбаев, профессорлар Тынысбек Кальменов, Мұратхан Дауылбаев және Айдархан Қалтаев Құлжабай Әбдіқалыұлының ғылымға, білімге және университеттің дамуына қосқан үлесі туралы жылы лебіздерін білдірді. Қасымов Құлжабай Әбдіқалыұлы өз уақытында факультет деканы болып қызмет атқарып, жоғары математика саласында іргелі еңбектер жариялаған еді.

Іс-шара жас ғалымдар мен студенттер үшін ұстаздың өмір жолынан үлгі алу және ғылымның сабақтастығын сақтау маңызын айқындады.

Бұл кеш Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім беру» және мақсат 9 — «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» аясында ұйымдастырылды, өйткені ол ғылыми мұраны сақтау мен ғылым мен білімді дамытуға ынталандыруға бағытталды.

 

Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.