ТДМ №4, 10, 11: ҚазҰУ-дағы инклюзивті ортаның қолжетімділігін бағалауFarabi University

ТДМ №4, 10, 11: ҚазҰУ-дағы инклюзивті ортаның қолжетімділігін бағалау

30 қыркүйек, 2025

30 қазанда «Әрбір адам маңызды» жобасы аясында, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін университет инфрақұрылымының қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.

Мониторингті инклюзия және мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары саласындағы сарапшы Джепка Богдан Игоревич жүргізді. Визит барысында университет ортасының инклюзивтілігіне баға берілді: пандустардың болуы, корпустарға, кітапханаға, санитарлық тораптарға кіру мүмкіндігі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған навигация және кедергісіз орта элементтерінің қолжетімділігі қаралды.

 Сарапшы университеттің бірқатар нысандарындағы оң өзгерістерді атап өтіп, олардың қолжетімділік деңгейіне қанағаттанғанын білдірді. Ол ҚазҰУ-дың инклюзивті білім беру кеңістігін қалыптастыру жолында дұрыс бағытта келе жатқанын баса айтты.

Мониторингтің ұйымдастырылуына ҚазҰУ жанындағы «Инклюзивті орта» ғылыми-тәжірибелік орталығы үлкен үлес қосты, ол іс-шараны сүйемелдеп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етті.

Бұл шара жоғары оқу орындарында инклюзивті қағидаларды ілгерілету және барлық студенттер мен қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жолындағы кешенді жұмыстың маңызды бөлігі болды.