- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасы мен Шэньси ғылым және технология университеті ынтымақтастық орнатты
Қытайтану кафедрасы мен Шэньси ғылым және технология университеті ынтымақтастық орнатты

2025 жылдың 6 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының басшылығы Қытайдың Шэньси ғылым және технология университетінің профессоры Хэ Лин ханыммен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту мәселелерін талқылады. Әңгіме барысында профессор Хэ Лин қытайлық жоғары оқу орындарының ғылыми-инновациялық бастамалары туралы мәлімет беріп, екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға қызығушылық танытты.
Өз кезегінде Қытайтану кафедрасының өкілдері Қазақстандағы кытайтану ғылымының қазіргі бағыттары мен әлеуетін таныстырып, бірлескен ғылыми зерттеулер, тағылымдамалар мен оқытушылар алмасуы аясында нақты ұсыныстар енгізді.
Кездесу нәтижесінде тараптар өзара серіктестікті жүйелі түрде дамыту және болашақта ұзақ мерзімді академиялық ынтымақтастық орнату жөнінде уағдаласты.
Басқа жаңалықтар

