ТДМ №4: Студенттер Дулат Исабековтің «Әпке» қойылымынан тағылым алдыFarabi University

ТДМ №4: Студенттер Дулат Исабековтің «Әпке» қойылымынан тағылым алды

1 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті мен Философия және саясаттану факультетінің студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер театрында режиссер Мейрам Хабибуллин сахналаған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті жазушы-драматург Дулат Исабековтің «Әпке» атты драмалық қойылымын тамашалады.

Қойылымда анадан ерте айырылып, отбасының бар жауапкершілігін мойнына алған Қамажайдың тағдыры бейнеленеді. «Маған бәрінен бауырларым қымбат» деген кейіпкер өз бауырлары үшін жеке арманы мен бақытына құрбандық шалады. Алайда уақыт өте келе әрқайсысы өз жолымен кетіп, Қамажай науқас інісімен жалғыз қалады.

Көрермен қатарында болған студенттер бұл драмалық қойылымнан ерекше әсер алғанын айтып, отбасы құндылықтары мен бауырмалдықтың мәнін терең түсінгендерін жеткізді.

–  «Әпкенің тағдыры – біз үшін үлкен сабақ. Өз бауырларымызды қадірлеудің, бір-бірімізге қамқор болудың маңызын ұғындық»,  деді жастар.

Актерлердің шынайы ойыны көрермендердің жүрегіне жетіп, қойылымның тәрбиелік әрі тағылымдық маңызы зор болды.