Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Бас консулы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арнайы дәріс оқыдыFarabi University

Оңтүстік Кореяның Алматыдағы Бас консулы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне арнайы дәріс оқыды

8 қазан, 2025

2025 жылдың 8 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде  Қиыр Шығыс кафедрасының ұйымдастыруымын «Оңтүстік Кореяның экономикасы мен мәдениеті және Қазақстанмен ынтымақтастық» тақырыбында арнайы дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті Оңтүстік Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырза оқыды. Іс-шара барысында қатысушылар Оңтүстік Кореяның экономикалық даму үрдістері мен мәдени ерекшеліктері туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, Шығыс теңізі мен Токто аралының тарихи және геосаяси маңызы да талқыланды.

Шараға факультет деканы Эгамбердиев М.Ш., оқытушылар, корейтану бөлімінің студенттері және өзге де қызығушылық танытқан студенттер қатысты. Факультет деканы өз құттықтау сөзінде Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастардың дамуының маңыздылығын атап өтті.

Бағдарлама барысында корей бөлімі студенттерінің концерттік қойылымы ерекше ықыласпен қабылданды. Дәріс соңында студенттер мен қатысушылар консул мырзаға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.

Аталған шара екі ел арасындағы мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды бастама болды және университеттің халықаралық бағыттағы білім беру миссиясын жүзеге асыруға елеулі үлес қосты.