ТДМ-4: Студенттер «Болмаған балалық шақ» қойылымына барды
.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетінің студенттері 2025 жылдың 4 қазан күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Болмаған балалық шақ» драмалық қойылымын тамашалады.
Бұл мәдени шара — болашақ мамандардың рухани дүниетанымын кеңейтіп, эстетикалық тәрбиесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қойылым жасөспірімдер мен жастардың сезіміне, санасына әсер ететін терең мазмұнымен ерекшеленді. Күрделі әлеуметтік тақырыптарды қозғаған спектакль көрерменге балалық шақтағы ауыртпалықтар мен күрескерлік рухты шынайы түрде жеткізе білді.
«Болмаған балалық шақ» — балалықтың бейкүнә шағынан айырылған, тағдырдың тәлкегіне түскен кейіпкер тағдыры арқылы қоғамның өткір шындығын ашатын драмалық туынды. Қойылым барысында студенттер актерлердің шебер ойынына тәнті болып, сахнадағы әрбір сәтті үлкен тебіреніспен қабылдады.
Тарих факультетінің студенттері бұл шарадан ерекше әсер алып, театр өнерінің тәрбиелік және танымдық маңызын тағы бір мәрте сезінді. Театрға бару жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді, жанашырлық пен жауапкершілікті қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Мұндай мәдени іс-шаралар — білім мен тәрбиенің үйлесім табатын маңызды алаңы. Университет қабырғасындағы білім тек теориямен шектеліп қалмай, осындай рухани тәжірибелер арқылы тереңдей түспек.