- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сирек кітаптар музейіне экскурсия: бейбіт және ашық қоғам құндылықтарына бастар жол
Сирек кітаптар музейіне экскурсия: бейбіт және ашық қоғам құндылықтарына бастар жол

«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері Ақжигитова Арайлымның куратор-эдвайзерлық жұмыс аясында және «Бейбіт және ашық қоғам» тұрақты даму мақсатына сәйкес Сирек кітаптар музейіне экскурсия жасады.
Экскурсияның басты мақсаты – студенттердің рухани дүниетанымын кеңейту, мәдени мұраға деген құрметін арттыру және қоғамдағы бейбітшілік пен әділдік құндылықтарын насихаттау болды.
Музей ішінде әр дәуірге арналған ерекше экспозициялармен таныстық:
– Күлтегін дәуіріне арналған бөлмеде түркі өркениетінің бай мұрасы мен жазба ескерткіштері көрсетілді;
– Алаш Орда қайраткерлеріне арналған бөлімде тәуелсіздік жолындағы күрес пен ұлттық сана тарихы баяндалды;
– Сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов және Абай Құнанбайұлы сынды ұлт ұстаздарына арналған залда қазақ ағартушылығының алтын қазығы таныстырылды.
Бұл сапар студенттерге еліміздің рухани және мәдени байлығын сезінуге, әділдік, теңдік және бейбітшілік қағидаттарын түсінуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, мәдениетаралық түсіністік пен толеранттылықты дамытуға бағытталған.