Болашақ баспагерлер «ALMATY KITAP» баспасында

8 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің «Баспа ісі» мамандығының студенттері орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Мереке Сабыржановамен бірге «ALMATY KITAP» баспасына барды.
Студенттер кітаптың қалай дүниеге келетінін — идеядан бастап редакциялау, басып шығару және оқырманға жеткенге дейінгі барлық кезеңін өз көздерімен көрді. Баспаның қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі кітап индустриясындағы үрдістер туралы айтып, баспа үдерісінің ішкі қырларымен таныстырды.
Біз үшін нақты баспа жұмысының қалай жүретінін көру, кәсіби мамандардың еңбегін түсіну өте маңызды», — деді студенттер экскурсиядан кейін.
Мұндай кездесулер болашақ мамандарды шабыттандырады, олардың кәсіби рухын оятып, әр кітаптың артында үлкен еңбек пен сөзге деген сүйіспеншілік жатқанын ұғынуға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар

