ТДМ №4: «Студенттің кәсіби мотивациясы» тақырыбында семинар-тренингFarabi University

ТДМ №4: «Студенттің кәсіби мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг

9 қазан, 2025

2025 жылдың 9 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) - 4: «Сапалы білім беру» бағыты аясында «Студенттің кәсіби мотивациясы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп, олардың тұлғалық мотивациясын арттыру, болашақ маман ретінде ішкі және сыртқы ынталандыру тетіктерін түсінуге көмектесу болды. Шараға Заң факультетінің белсенді студенттері қатысып, кәсіби мотивацияны дамыту мен тиімді басқарудың маңыздылығымен танысты.

Семинар барысында қатысушылар келесі өзекті тақырыптарды талқылады:

  • Мотивация және дүниетаным ұғымы, олардың өзара байланысы;

  • Мотивация феноменінің белгілері мен оның түрлері (ішкі және сыртқы мотивация, позитивті және негативті мотивация);

  • Мотивацияны игеру жолдары және оны дамыту әдістері;

  • Мотивацияны студенттік өмірде, оқу процесінде және кәсіби бағытта тиімді қолдану тәсілдері;

  • Мотивацияны ғылыми тұрғыда қарастыру және психологиялық аспектілері.

Семинар практикалық бөліммен жалғасын тауып, қатысушылар үшін интерактивті форматта психологиялық тренингтер мен мотивациялық топтық ойындар ұйымдастырылды. Бұл ойындар мен тапсырмалар студенттердің өзін-өзі тануына, ішкі мотивация көздерін анықтап, оларды дұрыс бағытта дамытуларына көмектесті. Студенттер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мотивацияның маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік алды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа инсайттар мен пайдалы ақпараттар алды. Көтеріңкі көңіл-күй мен достық атмосферада өткен семинар студенттердің кәсіби бағыттарын нақтылап, өз болашағына сенімді қадам жасауына ықпал етті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуі студенттердің тұлғалық және кәсіби дамуы үшін аса қажет екенін атап өтті.