«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның халықаралық ынтымақтастығы: Нұр-Мүбарак университетіндегі III ғылыми-тәжірибелік семинар нәтижелеріFarabi University

«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның халықаралық ынтымақтастығы: Нұр-Мүбарак университетіндегі III ғылыми-тәжірибелік семинар нәтижелері

10 қазан, 2025

«Жазба жәдігер және рухани мұра» ҒЗО-ның халықаралық ынтымақтастығы: Нұр-Мүбарак университетіндегі III ғылыми-тәжірибелік семинар нәтижелері

9-10 қазан аралығы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде III Халықаралық “Қазақстан мәдениеті және Ислам дінінің қолжазбалық мұрасы: Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері коллекциялары мысалында” атты ғылыми-тәжірибелік семинары өтті. Семинарға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор, профессор Ахмет Хусейн Мұхаммад Ибраһим, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти, PhD доктор Өтпенов Наурызбай Тағанұлы, доктор, профессор Алидост Эртугрул, Түркиядан Чукурова университетінің профессоры Фатих Яхья Аяз және Сакария университеті профессоры Мұхаммед Біләл Челик, IRCICA ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу орталығының бас директордың Орталық Азия зерттеулерін ұйымдастырушылық қызметі бойынша кеңесшісі, доктор, профессор – Мүминов Әшірбек Құрбанұлы және т.б. қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, “Жазба жәдігер және Рухани мұра” ғылыми-зерттеу орталығының директоры мен ғылыми қызметкерлері: профессор Зубайда Шадкам, Өмірәлі Тұяқбай және Қайранбаева Назым қатысты. Сонымен бірге, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінің 1-курс докторанты Сұлтанбаева Нұргүл Дәулетқызы «Орта Азиядағы Орта ғасыр жазба жәдігерлерінің физикалық құрылымы» тақырыбында баяндама оқыды. Осы баяндама негізінде ғылыми семинар қатысушыларының көңілінен шықты, сертификатпен марапатталды және алдағы желтоқсан айында ұйымдастырылатын конференцияға қатысуғы шақырылды.