- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №16: Заң мен тәртіп: қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік негіздері
ТДМ №16: Заң мен тәртіп: қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік негіздері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттермен «Заң мен тәртіп: қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Мырзахан Жақсылық бастаған мамандар тобы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында спикерлер студенттерге қаржылық сауаттылықтың қоғам мен жеке тұлға өміріндегі маңызы туралы айтып, алаяқтықтың кең тараған түрлеріне тоқталды. Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жалған ұтыс ойындары мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау және олардан қорғану жолдары бойынша пайдалы кеңестер берді.
Мамандар нақты мысалдар келтіре отырып, жастарды өздерінің қаржылық қауіпсіздігіне мұқият қарауға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.
Кездесу соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды. Ақпаратты бекіту мақсатында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, белсенділік танытқан студенттерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара студенттердің құқықтық және қаржылық мәдениетін арттыруға бағытталып, олардың бойында жауапкершілік пен сақтық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.