Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Farabi University

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

8 қазан, 2025

Тұрақты даму саласындағы 12-мақсат – «Тұрақты тқтыну және өндіріс» аясында 3 курс «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының студенттері арасында әлеуметтік-сауалнама негізінде пікірталас өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Экологиялық мәдениетті қалыптастыру».

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру, тұрақты тұтыну мен өндіріс қағидаттарын түсіндіру, сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлер контекстінде қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру болды.

Пікірталас барысында қатысушылар экологиялық сананың қоғам өміріндегі маңызы, ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды азайту және қайта өңдеу мәселелерін талқылады. Әлеуметтік сауалнама нәтижелері студенттердің көпшілігі экологиялық мінез-құлықты күнделікті өмірде ұстануға дайын екенін көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер экологиялық мәдениетті арттырудың басты жолдары – білім беру, қоғамдық белсенділік және жеке жауапкершілік екенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың тұрақты даму қағидаттарын кәсіби қызметінде қолдануына ықпал етеді.