- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде QS by Subject, QS World University Rankings (QS WUR) және The Times Higher Education рейтинг көрсеткіштерін жақсарту бойынша кездесуі өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде QS by Subject, QS World University Rankings (QS WUR) және The Times Higher Education рейтинг көрсеткіштерін жақсарту бойынша кездесуі өтті
2025 жылғы 15 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Стратегиялық даму орталығының директоры Василина Гүлзира Қажмұратовна оқытушылар құрамымен және жауапты мамандармен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында халықаралық академиялық рейтингтерге қатысу және көрсеткіштерді жақсарту бағытындағы өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, QS by Subject, QS World University Rankings (QS WUR) және The Times Higher Education рейтингтері бойынша әдіснама мен деректерді дұрыс толтыру жолдары талқыланды.
Василина Гүлзира Қажмұратовна факультет ұжымына рейтингтік көрсеткіштерді арттыруда ескерілетін негізгі талаптар мен халықаралық тәжірибелер туралы жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың позициясын халықаралық деңгейде жақсарту үшін факультет деңгейінде атқарылуы тиіс нақты іс-шаралар мен ұсыныстар тізбесі ұсынылды.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, рейтингке қатысу тетіктері бойынша пайдалы ақпарат алды.
Басқа жаңалықтар