- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытай Ғылым академиясының Экология және география институты профессорларының ҚазҰУ-ға сапары
Қытай Ғылым академиясының Экология және география институты профессорларының ҚазҰУ-ға сапары
2025 жылдың 14 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғат пайдалану факультетіне Қытай Ғылым академиясының Синьцзян бөлімшесіне қарасты Экология және география институтының профессорлары (Xinjiang Institute of Ecology and Geography, Chinese Academy of Sciences) келді.
Кездесуге география және табиғат пайдалану факультетінің деканы Актымбаева А.С. және метеорология және гидрология кафедрасының профессорлары қатысты.
Актымбаева А.С. факультеттің қызметін, ғылыми әлеуетін, білім беру бағдарламаларын және халықаралық жобаларын таныстырды. Өз кезегінде, қытайлық институт профессоры өз мекемесінің ғылыми-зерттеу бағыттары мен экология және климаттың өзгеруі саласындағы жобалары туралы баяндады.
Кездесу барысында тараптар климаттың өзгеруін зерттеу, бейімделу мәселелері және Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылады.
Тараптар болашақта серіктестікті одан әрі дамытуға, соның ішінде бірлескен семинарлар өткізуге, студенттер мен оқытушылар алмасуға, сондай-ақ бірлескен ғылыми жарияланымдар дайындауға мүдделілік білдірді.
Басқа жаңалықтар