- Басты бет
- Жаңалықтар
- ХШМЫО «Хоргос» ақпараттық туры: халықаралық ынтымақтастықты нығайту және туризм әлеуетін арттыру
ХШМЫО «Хоргос» ақпараттық туры: халықаралық ынтымақтастықты нығайту және туризм әлеуетін арттыру
16 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы (Байбуриев Р.М.) мен 2 курс докторанттары (Жалау Е., Омар М.) «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Хоргос» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығына (МЦПС) ақпараттық турға қатысты.
Аталған инфо-тур туризм саласындағы кәсіби және халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған және ол шекара маңы ынтымақтастығын дамыту мен Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету тұрғысынан өзекті болып табылады. Іс-шараға Жетісу облысы мен Алматы қаласының туристік компанияларының өкілдері, блогерлер, журналистер, «Алтын-Емел» ұлттық паркі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сапар барысында қатысушылар МЦПС «Хоргос» инфрақұрылымымен және қызметімен танысты, өңірдің туристік нысандарын, қытай медицина орталығын және Хоргос аумағында орналасқан танымдық нысандарды аралады. Сонымен қатар, Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының (СУАР) туризм саласының өкілдерімен бірлескен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Сапар өте пайдалы әрі мазмұнды болды: қатысушылар жаңа білім алды, тәжірибе алмасты және кәсіби байланыстар орнатты. Бұл кафедраның ғылыми-білім беру және практикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Турдың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, қабылдаушы тараптың қонақжайлылығын және мұндай бастамалардың Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өткен жөн.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Рекреациялық география және туризм кафедрасы «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығына шақырғаны және өңірлік пен халықаралық туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Басқа жаңалықтар