ТДМ-4: Психикалық денсаулық күні!Farabi University

ТДМ-4: Психикалық денсаулық күні!

10 қазан, 2025

10 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттердің психикалық саулығы мен психологиялық денсаулығын сақтау тақырыбына арналған семинар өтті.

Іс-шара БҰҰ бастамасы аясында, Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырылып, студенттердің эмоционалдық күйіне саналы көзқарасты қалыптастыруды, күйзеліске төзімділікті арттыруды және өз-өзіне қамқор болу дағдыларын дамытуды мақсат етті.

💬 Кездесу барысында өз-өзіне қамқор болу әлсіздіктің емес, керісінше, ішкі күш пен даналықтың көрінісі екені талқыланды. Сонымен қатар оқу үдерісінде ішкі тепе-теңдікті сақтау, күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу, эмоционалды қажуды жеңу жолдары қарастырылды.

🎙 Шақырылған сарапшы – психолог Тұрлықожа Темірлан Бекетұлы психологиялық денсаулықты нығайтуға арналған практикалық кеңестерімен бөлісіп, өз жағдайын үнемі бақылаудың және қажет болған жағдайда көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.

✨ Семинардың басты мақсаты – студенттердің психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, өз-өзіне және айналадағы адамдарға қамқорлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін қолайлы оқу ортасын қалыптастыру.