Ақпараттық қоғамдағы тұрақты даму және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру

20 қазан 2025 жылы дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректанукафедрасында «Ақпараттық қоғамдағы тұрақты даму және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ашық семинар өтті.
Іс-шараны Туенбаева К.Т., пед.ғ.кан. ұйымдастырды.
Семинарға кітапханалық-ақпараттық жүйелер оқу бағдарламасының магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ профессор, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алпысбаева Нұрзипа Кумешбайқызы қатысты.
Семинардың мақсаты – ақпараттық қоғам жағдайында тұрақты даму құндылықтарын, ақпараттық мәдениет пен сыни ойлаудың маңызын талқылау, білім мен ғылымның ақпараттық сауаттылықты арттырудағы рөлін айқындау болды.
Кездесу барысында қатысушылар:
- ақпарат көлемінің өсуі мен оның қоғамның тұрақтылығына әсерін талдады;
- ақпаратты саралау, талдау және жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін талқылады;
- білім, медиа және ІТ салалары арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
Семинардың мазмұны БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының бірнеше бағытымен өзара үндес болды, атап айтқанда:
- 4-мақсат – Сапалы білім: ақпараттық және медиасауаттылық дағдыларын дамыту арқылы білім сапасын арттыру;
- 9-мақсат – Инновация және инфрақұрылым: ақпараттық қоғам мен цифрлық мәдениетті қолдау;
- 16-мақсат – Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар: ақпаратты этикалық және жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін дамыту;
- 17-мақсат – Ынтымақтастық: ғылым, білім және медиа арасындағы серіктестік қатынастарды нығайту.
Семинар қорытындысында қатысушылар арасында белсенді және мазмұнды пікірталастар өтті. Талқылаулар барысында ақпараттық мәдениетті дамытудың жаңа идеялары мен білім беру үдерісінде сыни ойлауды күшейтудің нақты тәсілдері ұсынылды.
Семинардың танымдық мәні — ақпараттық мәдениетті тұрақты дамудың маңызды көрсеткіші ретінде тану. Тұрақты даму – тек мемлекет немесе ұйым деңгейіндегі мақсат емес. Ол әр адамның ақпаратпен жұмыс істеу мәдениетінен басталады.
Ақпаратты саралап пайдалану мен медиасауаттылықты арттыру – қоғамның интеллектуалды әлеуетін көтеріп, тұрақты даму мақсаттарына жетудің негізгі тетігі болып табылады.
Басқа жаңалықтар
