21 қазан — Алма ағашы күні !Farabi University

21 қазан — Алма ағашы күні !

21 қазан, 2025

Бүгін біз ерекше күнді — Қазақстанның табиғи мұрасының символы саналатын Алма ағашы күнін атап өтеміз.

Сиверс алмасы — әлемдегі барлық мәдени алма түрлерінің атасы. Дәл осы Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының баурайында өсетін ежелгі жабайы алма ағашынан қазіргі алманың тарихы бастау алады.

Сиверс алмасы (Malus sieversii) — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген эндемик түр. Ол климаттық жағдайларға төзімділігімен және ерекше генетикалық әлеуетімен ерекшеленеді, сондықтан да «барлық алмалардың түп анасы» деп аталады. Ғалымдар мен экологтар оны Еуразияның «тірі генетикалық қазынасы» деп атайды.

Алма ағашы күнін атап өтудің мақсаты:

  • жабайы алма ағашының табиғи ареалдарын сақтау және қалпына келтіру;
  • оның шығу тегі мен маңызы туралы ғылыми білімді насихаттау;
  • Қазақстандағы экологиялық және танымдық туризмді дамыту;
  • өскелең ұрпаққа табиғатты аялау сезімін қалыптастыру.

Бүгін елдің түкпір-түкпірінде ағартушылық және экологиялық акциялар, фотокөрмелер, жас алма ағаштарын отырғызу шаралары мен тақырыптық дәрістер өткізіледі.

Бұл күн табиғатымыздың байлығы мен сұлулығын еске салсын және оны қорғаудың маңыздылығын ұмыттырмасын.

Алманы қорғау — өмірдің және Қазақстанның мәдени мұрасының бастауларын сақтау деген сөз!