Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдарыFarabi University

Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары

22 қазан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарындағы 10-тармақ «Теңсіздікті азайту» және 3 ТДМ- «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында 4 курс «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының студенттері арасында әлеуметтік-сауалнама негізінде пікірталас өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары».

Іс-шараның мақсаты  – жастар арасында психологиялық тұрақтылықты нығайту, өмірдің құндылығын түсіндіру және өзекті әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамау мәдениетін қалыптастыру. Пікірталас барысында студенттер суицидтің негізгі себептері мен оған әсер ететін әлеуметтік, экономикалық және психологиялық факторларды талқылады. Сонымен қатар, өз көзқарастарын ашық білдіріп, қоғамда бұл мәселенің алдын алу жолдары жөнінде нақты ұсыныстар ұсынды.

Іс-шара аясында студенттер арасында өзара сенім мен қолдау атмосферасы орнатылып, бір-біріне көмек көрсету мен жауапкершілік сезімін арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті. Мұндай талқылаулар жастардың эмоционалдық саулығын нығайтып қана қоймай, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.

Куратор-эдвайзер: Бекжанова А.У.