«Астана халықаралық қаржы орталығы Сотының Ережелеріне түсіндірме» кітабының таныстырылымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өттіFarabi University

«Астана халықаралық қаржы орталығы Сотының Ережелеріне түсіндірме» кітабының таныстырылымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтті

24 қазан, 2025

2025 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде Б.А. Тукулов пен Р.М. Ходыкиннің редакциясымен жарық көрген «Астана халықаралық қаржы орталығы Сотының Ережелеріне түсіндірме» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Іс-шараны PhD докторы, қауымдастырылған профессор Алтаева К.Ж. жетекшілік ететін Халықаралық құқық кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шараның серіктесі — TKS Disputes заң фирмасы, аталған ұйымның өкілі ретінде мырза Б.А. Тукулов қатысты.

Таныстырылым БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 — «Сапалы білім беру» аясында өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық байланыстарды дамыту және халықаралық құқық саласындағы кәсіби тәжірибе алмасу болды.

Кездесу барысында Б.А. Тукулов халықаралық дауларды шешу тәжірибесімен бөлісіп, АХҚО Сотының қызметінің маңызы мен англосаксон құқық жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып өтті.

 Таныстырылым соңында баспа өкілдері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасына бес дана кітапты сыйға тартты, бұл университеттің ғылыми-зерттеу базасын дамытуға және заманауи құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге өз үлесін қосты.

Іс-шара кәсіби әрі достық атмосферада өтіп, факультет студенттері мен оқытушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Осындай бастамалар ТДМ 4 мақсатының жүзеге асуына ықпал етіп, білім сапасын арттыруға, студенттердің халықаралық құқық нормалары мен тәжірибелерін сыни тұрғыда талдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.