«Өмірлік маңызды сабақ алдым»Farabi University

«Өмірлік маңызды сабақ алдым»

8 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­те­тін­де спортшы-дзюдошы, Будапешттегі әлем чем­пио­натының күміс жүлдегері Абиба Абужақыноваға диплом табыс етілді.

Белгілі спортшы ҚазҰУ-да оқуын аяқтап, заң факультетінің «Құқық қорғау қызметі» маман­ды­ғы бойынша екінші жоғары білім алды. 
ҚазҰУ түлектеріне диплом тап­­сыру рәсімі кезінде Абиба Абу­жақынова білімін жетілдіруге үлес қосқан әрі қолдау көрсеткен оқы­ту­шыларына шын жүректен алғы­сын білдірді. «Университет қабыр­ға­сында мен екінші жоғары бі­лім­мен қатар, өмірлік маңызды сабақ алдым. Мұнда маған тәртіп, адалдық пен мақсатқа жету үшін табандылықты үйретті. Бұл қа­сиет­тер менің алға ұмтылуыма және кез келген қиындықты жеңуі­ме көмектеседі. Қазіргі уақытта мен кәсіби дамуымды жалғастыру үшін және жоғары білім алу мақ­са­тында магистратураға түсуге дайындық үстіндемін», – деді Аби­ба Абужақынова.
Абиба Абужақынова 3-ші дан­ның (IJF) иегері, 48 келіге дейінгі сал­мақ дәрежесінде өнер көр­сетіп, биыл Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс ме­даль жеңіп алды.
Абиба – әлем чемпионатының тұғырына үш рет көтерілген ал­ғаш­қы қазақстандық дзюдошы. 2023 жылғы дзюдошылардың әлемдік рейтингінің қорытындысы бойынша спортшы әлемнің үздік дзюдошыларының бестігіне кірді.
2023 жылы Абиба Португа­лия­дағы Гран-при сериясынан тур­нир­дің жеңімпазы атанды. Осы­лайша беделді турнирді жеңіп алған спортшы Қазақстанның дзю­додан алғашқы өкілі болды. 2024 жылдың көктемінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі олим­пиа­да­ға дейінгі әлем чемпионатында ол тағы да қола медаль жеңіп алып, үшінші орын үшін күресте Түркиядан келген спортшы Туксех Бедерді жеңді.

Светлана 
ӨМІРҒАЛИЕВА