Ғылыми-зерттеу орталықтары – тәжірибе алаңыFarabi University

Ғылыми-зерттеу орталықтары – тәжірибе алаңы

19 мамыр, 2025

Ғылым мен бі­лім­нің дамуы – елдің әлеуметтік-экономикалық прогресінің негізі. Осы мақсатта студенттерді ғылыми-зерттеу орталықтарына тарту, оларды ғылыми жұмыспен таныстыру, жас зерттеушілерді қолдау – бүгінгі таңда маңызды міндеттердің бірі. 

Ғылыми-зерттеу орта­лық­тарында студенттер теориялық білімін прак­ти­камен ұштастырып, жаңа ғылыми идеялар мен жа­ңа­лықтарға қол жеткізеді. Ғылыми зерттеулердің нақ­ты өндірістік және эко­номикалық пайда әкелуі үшін мемлекет тарапынан инновациялық идеяларды қолдау бағдарламаларын енгізіп, оларды ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыстырса, бұл жас ғалымдардың жаңа идея мен шешімін іздеуге мүм­кін­дік береді. Ғылыми-зерт­теу орталықтары жо­ға­ры оқу орындарында арнайы кафедралармен тығыз байланыста жұмыс істеп, ғылыми жұмыс­тар­ды көбейтіп және ғылым­ның дамуына кедергі бо­ла­­тын мәселелерді шешу жолында бірлесіп әрекет етсе, білім беру жүйесінде ғылыми инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ғы­лым мен білім саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл процесс сту­денттердің сыни ойлау қабілетін, мәселелерді ше­шу дағдысын дамытуға септігін тигізеді. Зерттеу жұ­мысы студенттердің зерт­теу қасиетін ашуға мүм­кіндік беріп, олардың жаңа бағыттар мен ин­но­вациялық шешімді іздеуі­не ықпал етеді.

Еліміздің Тұрақты да­му мақсаттарының (ТДМ) төртінші – сапалы білім бе­ру бағытына сәйкес ке­летіндей ғылыми-зерттеу орталықтары студент­тер­ге зерттеу жұмыстарын жүр­гізуге, ғылыми жо­ба­ларға қатысуға және ха­лық­аралық деңгейде өз жұ­мыстарын танытуға мүм­­кіндік береді. Бұл олар­­дың ғылыми әлеуе­тін кө­теріп, оларды ха­лық­­ара­лық ғылыми қа­уым­­дас­тыққа таныстыру үшін ма­ңызды алаң бо­лып са­налады. Сон­дай-ақ ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мы­сы сту­­дент­тердің ең­­бек на­ры­ғында бәсе­кеге қа­бі­леттілігін артты­ра­ды, се­бе­бі көп­те­ген жұмыс бе­рушілер жо­ға­ры деңгейде ғылыми зерт­теулер жүргізген ма­мандарды іздейді.

Студенттерді ғылыми-зерттеу орталықтарына тарту үшін жоғары оқу орын­дары мен ғылыми орталықтар арасында ты­ғыз ынтымақтастық ор­на­ту қажет. Осы бағытта Химиялық физика және материалтану кафедрасы ғылыми-зерттеу орта­лық­тарының (Д.Со­коль­ский атындағы Жанармай, ка­тализ және электрохимия институты, Жану проб­ле­малары институты, Жа­лын ғылыми-техникалық зерттеу орталығы) ға­лым­­дарымен тығыз бай­ла­ныста жұмыс істеуде. Студенттер ғылыми жұ­мыс­тарға қатысу арқылы жаңа білім мен дағ­ды­ларды меңгеріп, ғылыми мансабын қалыптас­ты­ру­ға жол ашады. Ал ғы­лыми-зерттеу орта­лық­тары бол­­са жастардың ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға, инновациялық жоба­лар­ды іске асыруға ықпал етеді. Осылайша ғылыми-зерттеу орта­лық­тарына студенттерді тарту – бұл білім беру мен ғылымның интег­ра­циясын қамтамасыз етіп, жас­тар­дың ғылыми әлеуе­тін да­мытуға ар­налған ма­ңыз­ды құрал. Ғылыми жа­ңалықтар мен технологиялық жетіс­тік­тер қоғамдық өмірдің бар­­лық салаларын өз­гер­теді.

Мысалы, көмірсутектік шикізатын өңдейтін, бір­сатылы ағындық типтегі модельді қондырғыларда жас ғалымдар жұмыс іс­теуде.

Д.В.Сокольский атын­да­ғы Жанармай, катализ және электрохимия инс­ти­тутының негізгі қызметі жанармай-отын, мұнай химиясы, катализ және электрохимия саласын­да­ғы ғылыми, оқу және өндірістік процестерді бі­ріктіруге бағытталған. Инс­титутта жастар білікті ға­лымдармен нано­өл­шем­ді катализаторлар жа­сап, мұнай өңдеу про­цес­терінде сынауда. Қа­зақ­станның көмірсутектік шикізатын терең өң­дей­тін, бірсатылы техно­ло­гиямен жаңа катализатор жасау маңызды және бұл өзекті ғылыми-тәжі­ри­белік тапсырма, перс­пек­тивті, түбегейлі мақсат. Мұнай өңдейтін жаңадан ашылған катализа­тор­ларды сынау зертханада ағындық типтегі модельді қондырғыларда көптеп жүр­гізілуде. Мұнай сек­то­рын дамытудың жаһандық басымдықтары ката­ли­за­торларды қолдануға не­гіз­делген жаңа ката­ли­тикалық технологияларды құру және енгізу екені анық, олар мұнай өңдеу сапасын жақсартады.

Осы таңда «Мұнай өң­деу катализаторлары зерт­ханасы» жас ғалым­дар­мен тәжірибе алма­сып, олардың ғылым са­ла­сына қызығуына үлес қосып отыр. Ғылыми зерт­теулер жаңа тех­но­ло­гияларды, әдістерді және шешімдерді өмірге алып келеді. Осы инс­ти­тутты бітіріп, қорғап, тә­жі­рибе жинақтаған жас­тар өндірістің, ғылымның әр саласында жұмыс іс­теп, еліміздің дамуына үлкен үлес қосуда.

Айжан ОМАРОВА,

х.ғ.к., доцент