Қытайтану кафедрасының профессоры "Құрмет" орденімен марапатталды.Farabi University

Қытайтану кафедрасының профессоры "Құрмет" орденімен марапатталды.

30 қазан, 2025

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде тарих ғылымдарының доқторы, Қытайтану кафедрасының профессоры, «Қазіргі заманғы қытайды зерттеу орталығының» директоры Нәбижан Мұқаметханұлы да бар. Адал еңбек, қайсар мінезімен, құдай берген дарынын ел игілігіне арнаған, бабалар аманатын арқалап келіп шәкірттерінің ұлағатты ұстазына айналып, әріптестерінің құрметіне бөленген қытайтанушы-ғалым Нәбижан Мұқаметханұлын Шығыстану факультетінің ұжымы шын жүректен құттықтайды! ағылшыншаға және орысшаға аударып бер