- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Орталық Азияда климаттың әсерін ескере отырып су ресурстарын басқару» аймақтық жобасы аясында
«Орталық Азияда климаттың әсерін ескере отырып су ресурстарын басқару» аймақтық жобасы аясында
Орталық Азия университеттерімен оқу құралының жекелеген бөлімдерін талқылау жөніндегі семинар 2025 жылғы 20-24 қазан аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында «Орталық Азияда климаттың әсерін ескере отырып су ресурстарын басқару» аймақтық жобасы шеңберінде оқу құралының жекелеген бөлімдерін талқылауға арналған семинар өтті.
Іс-шараға метеорология және гидрология кафедрасының профессоры К.К. Дускаев қатысты.
Аталған аймақтық жоба 2023 жылы басталып, Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігі (BMZ) тарапынан қаржыландырылады және Швейцарияның Даму және ынтымақтастық агенттігімен (SDC) бірлесіп жүзеге асырылады.
Жобаның басты мақсаты – су ресурстарын басқаруға жауапты ұлттық және өңірлік ұйымдардың әлеуетін арттыру және климаттың әсерін ескере отырып су ресурстарын үйлестірілген басқаруды өңірлік және ұлттық деңгейде енгізу.
Семинарға Орталық Азия мен Германия университеттерінің өкілдері, GIZ аймақтық жобасының командасы және ОАӨЭО (CAREC) жаттықтырушылары қатысты.
Басқа жаңалықтар