“Кеңес беру және оңалту” орталығының маманы, исламтанушы, дінтанушы Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішевпен кездесуFarabi University

“Кеңес беру және оңалту” орталығының маманы, исламтанушы, дінтанушы Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішевпен кездесу

5 қараша, 2025

2025 жылғы 5 қарашада Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен факультет аумағында ҚМДБ ұстазы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы “Кеңес беру және оңалту” орталығының маманы, исламтанушы, дінтанушы Қуаныш Тоқсанбайұлы Әбішевпен кездесу өтті.

Кездесу Тұрақты даму мақсаттарының 8-бағыты – “Лайықты еңбек және экономикалық өсу” аясында өткізілді. Шараның мақсаты – мамандықтың қоғамдағы маңызын, кәсіби даму жолдарын талқылау, сондай-ақ дінтану және исламтану саласының тұрақты даму мақсаттарына қосар үлесін айқындау болды. Студенттер мен жас ғалымдар сала маманымен пікір алмасып, тәжірибелік кеңестер алды.

Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының з.ғ.к., профессор К.М. Бишманов, ф.ғ.д., профессор Б.М. Сатершинов, аға-оқытушы, PhD Н. Мұқан, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Р. Балтымова жетекшілігімен, «Исламтану» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының 2-курс докторанттары Ж. Белтенов, Н. Жетпісбай, А. Ағабаев.