Механика-математика факультеті кәсіби бағдар беру семинарына қатысып, оқу бағдарламаларының көрмесін ұсындыFarabi University

Механика-математика факультеті кәсіби бағдар беру семинарына қатысып, оқу бағдарламаларының көрмесін ұсынды

4 қараша, 2025

2025 жылғы 3 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының мектептерінің кәсіби бағдар беру мамандарына арналған оқыту семинары аясында механика-математика факультетінің оқу бағдарламалары бойынша көрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында 6B05402 – Математика, 6B05404 – Есептеу ғылымдары және статистика, 6B05405 – Қолданбалы математика, 6B06105 – Математикалық және компьютерлік модельдеу, 6B05403 – Механика оқу бағдарламалары жөнінде мектеп оқушыларына және мектептердің кәсіби бағдар беру мамандарына толық ақпарат берілді.

Іс-шараға факультет деканы Бектемесов Ж.М., оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сахаева А.К., кафедра меңгерушілері Маусумбекова С.Д. және Касенов С.Е., жауапты оқытушы Ералиев А.Б. белсенді қатысты.

 

Математикалық және компьютерлік модельдеу

кафедрасының меңгерушісі, Маусумбекова С.Д.