- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ өкілдері Қытай тілін шетел тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты
ҚазҰУ өкілдері Қытай тілін шетел тілі ретінде оқыту мәселелеріне арналған халықаралық конференцияға қатысты
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы Қытай тілін шетел тілі ретінде оқыту саласын дамытуға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған іс-шара аясында, 2025 жылдың 31 қазанында Үрімші қаласында (ҚХР) Синьцзян университетінің Халықаралық мәдени алмасу институты ұйымдастырған «Қытай тілін халықаралық деңгейде шетел тілі ретінде оқыту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту» атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Қытай мен Орталық Азияның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті атынан конференцияға Шығыстану факультетінің деканы Эгамбердиев М.Ш. және Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Оразақынқызы Ф. қатысты. Оразақынқызы Ф. пленарлық отырыста баяндама жасап, Қазақстанда қытай тілін оқытудағы заманауи үрдістерді, білім беру бағдарламаларының интеграциясын және Қытай жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың болашағын талқылады.
Бұл іс-шара ҚазҰУ-дың халықаралық серіктестігін нығайтуға, әдістемелік тәжірибе алмасуға және Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ықпал етті.


Басқа жаңалықтар