2025 жылғы 31 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы «Ғылыми ұстанымда зерттеу тәсілдері» атты қызықты әрі мазмұнды семинар ұйымдастырды.
Бұл кездесудің мақсаты – жас зерттеушілердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, ғылыми ізденістің заманауи әдістерін талқылау және Түркиямен онлайн байланыс арқылы бірлескен ғылыми жұмыс жүргізудің мүмкіндіктерін қарастыру болды.
Семинар барысында кафедра меңгерушісі Халел Агнур ханым сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға арнайы қонақ ретінде Түркия Республикасындағы Кастамону университетінің Философия кафедрасының профессоры, доктор Қажы Ахмет Шимшек (Kastamonu Üniversitesi) Zoom платформасы арқылы қосылып, «İlmî Araştırma Usulleri» тақырыбында дәріс оқыды.
Кафедрамыздың 1-курс магистранттары да өз ғылыми ізденістерімен бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салды:
- Арлан Анер – «Google Scholar және ағылшын, орыс тіліндегі дереккөздермен жұмыс тәжірибесі»;
- Д. Бегисаева – «Түрік және қазақ тілдеріндегі ғылыми дереккөздерді пайдалану ерекшелігі»;
- І. Шакипзада – «Теориялық зерттеу әдістері мен аналитикалық тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады.
Кездесу барысында ғылыми зерттеудің теориялық және практикалық жақтары кеңінен талқыланып, жас ізденушілер өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірінен пайдалы ақпарат алды.
Семинар соңында Халел Агнур ханым барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, бұл кездесудің әр жас зерттеуші үшін шабыт беретін маңызды ғылыми алаң болғанын атап өтті. seminar
Бүгінгі кездесу бізге жаңа идеялар мен зерттеуге деген ынта сыйлады. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс және сәтті ғылыми жетістіктер тілейміз!
Агнур Халел, А.Т.Кыркымбекова
Басқа жаңалықтар