ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Философия және саясаттану факультеті докторанты зағип жандар орталығында іс-шара өткізді.Farabi University

ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Философия және саясаттану факультеті докторанты зағип жандар орталығында іс-шара өткізді.

5 қараша, 2025

 

5.11.2025 күні Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) «Теңсіздікті азайту» бағытын іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Философия және саясаттану факультеті Мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Болысбеков Нұрбол Нұртазаұлы, Ғылыми жетекшісі Альджанова Нұрлыхан Қожабергенқызы зағип және көру қабілеті шектеулі жандарға арналған орталықта іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – ерекше жандардың өмірімен, әлеуметтік бейімделу және шығармашылық мүмкіндіктерімен жақынырақ танысу, сондай-ақ қоғамда инклюзивті орта қалыптастырудың маңыздылығына назар аудару болды.Кездесу барысында докторанттар орталық қызметкерлерімен және тұрғындарымен пікір алмасып, олардың күнделікті тұрмысындағы қиындықтар мен жетістіктері жайлы білді. Сонымен қатар, қатысушылар зағип жандардың компьютермен жұмысы мен шығармашылық жұмыстарымен танысып, бірқатар әлеуметтік жобаларға қолдау білдіру туралы ұсыныстар айтты.Іс-шараның ұйымдастырушы докторант мұндай кездесулердің қоғамда мейірім мен өзара түсіністік мәдениетін нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.