Қызмет көрсету психологиясы: “Teorema Quest”-ке танымдық сабақFarabi University

Қызмет көрсету психологиясы: “Teorema Quest”-ке танымдық сабақ

7 қараша, 2025

2025 жылдың 6 қарашасында “Туризм” мамандығының 3 курс студенттері үшін “Туристік іс-әрекеттің психологиясы” пәнінің оқытушысы Бейсахмет А.А. ұйымдастыруымен “Teorema Quest” квест орталығында аудиториядан тыс сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер квест ойындарының ұйымдастырылу ерекшеліктерімен, клиенттерге эмоциялық тәжірибе сыйлау тәсілдерімен, командалық өзара әрекеттестікке негізделген психологиялық әдістермен танысты. Практикалық тұрғыда келушілердің мінез-құлық ерекшеліктерін талдау, ойын кезінде әртүрлі психологиялық жағдайларды басқару және коммуникацияны тиімді жүргізу жолдары көрсетілді.

Студенттердің пікірінше, мұндай тәжірибе қызмет көрсету индустриясында аса маңызды дағдыларды дамытуға көмектесіп, пәнге деген қызығушылықты арттырады. “Teorema Quest” орталығына жасалған бұл сапар студенттер үшін әсерлі әрі пайдалы тәжібе болды.