«Ақсақалдар кеңесі» делегациясы тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығына келдіFarabi University

«Ақсақалдар кеңесі» делегациясы тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығына келді

9 қараша, 2025

2025 жылдың 3 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде өткен кампус-тур аясында «Ақсақалдар кеңесі» делегациясы тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығына келді.

Кездесу барысында қонақтар орталықтың құрамындағы 10 ғылыми зертхананың қызметімен танысты. Зертханаларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, климаттық және су ресурстарын бағалау, табиғи қауіп-қатерлердің алдын алу және тұрақты даму қағидаттарын енгізу бағытында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Делегация ерекше назарын Қазақ-қытай Жерді қашықтан зондтау орталығының жұмысына аударды. Мұнда экологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды басқаруда қолданылатын заманауи ғарыштық мәліметтерді талдау технологиялары көрсетілді. Қонақтар сондай-ақ орталықта жүргізіліп жатқан Арал теңізінің динамикасын зерттеу жобаларымен танысты. Бұл зерттеулер аймақтағы экожүйелердің деградация үдерістерін және климаттық өзгерістердің салдарын бағалауға бағытталған.

«Ақсақалдар кеңесі» мүшелері факультеттің экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми бастамаларының маңыздылығын атап өтіп, университет ақсақалдарының рөлі – академиялық дәстүрлерді сақтау, жастарға тәлім беру және университеттің рухани құндылықтарын нығайту екенін атап өтті. Ақсақалдардың белсенді қатысуы ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, ғылыми әлеуетті арттыруға және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.