ТДМ №16: ҚазҰУ жастары заң үстемдігін қолдап, құқықтық сауаттылықтарын арттырдыFarabi University

ТДМ №16: ҚазҰУ жастары заң үстемдігін қолдап, құқықтық сауаттылықтарын арттырды

30 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Құқықтық диктант» іс-шарасы өткізілді.

Аталған бастама Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2025 жылғы 20 қазандағы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып, «Заң сенен басталады» республикалық челленджі аясында жүзеге асырылды.

Іс-шараға университеттің 15 факультетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алушылары белсене қатысып, барлығы 450 студент қамтылды. Олардың ішінде:

  • Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінен – 50 студент;

  • Журналистика факультетінен – 25 студент;

  • Филология факультетінен – 20 студент;

  • География және табиғатты пайдалану факультетінен – 40 студент;

  • Медицина және денсаулық сақтау факультетінен – 25 студент;

  • Шығыстану факультетінен – 20 студент;

  • Химия және химиялық технология факультетінен – 73 студент;

  • Халықаралық қатынастар факультетінен – 25 студент;

  • Тарих факультетінен – 24 студент;

  • Философия және саясаттану факультетінен – 25 студент;

  • Ақпараттық технологиялар факультетінен – 30 студент;

  • Механика-математика факультетінен – 25 студент;

  • Экономика және бизнес жоғары мектебінен – 20 студент;

  • Биология және биотехнология факультетінен – 24 студент;

  • Физика-техникалық факультетінен – 24 студент қатысты.

Іс-шара университеттің барлық факультеттерінде Заң факультетінің тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы жетекшілігімен өтті. Студенттер өздерінің құқық саласындағы білім деңгейін сынап, заң нормалары мен құқықтық ұстанымдарға қатысты түсініктерін тереңдетті.

«Құқықтық диктанттың» негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық ұстаным мен құқықтық мәдениетті нығайту болды.

Ауқымды шара университет қауымдастығы тарапынан кең қолдау тапты. Бұл бастама студенттердің құқықтық білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға және заң үстемдігін құрметтеу құндылықтарын орнықтыруға елеулі ықпал етті.