ТДМ №1, 10: ҚазҰУ студенттері қайырымдылық жәрмеңкесіне атсалысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мерекелі күз» жәрмеңкесінің аясында «Көмек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.– студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қоғамда қайырымдылық
Жәрмеңкеге студенттер белсене қатысып, өздері дайындаған тағамдар, тәтті тіскебасарлар, компоттар және қолөнер бұйымдарының түр-түрін ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты мәдениетін қалыптастыру және мұқтаж жандарға қол ұшын беру болды.
Жәрмеңкеден түскен қаражат бірнеше бағытта жұмсалады:
- Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Мейірім» қарттар үйіндегі қарттар мен зейнеткерлердің қажеттіліктеріне;
- Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан студенттердің оқуға қажетті заттарына және жатақхана ақысын төлеуге.
Бұл бастама студенттердің азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және көмек көрсету мәдениетін нығайтуға септігін тигізді. Сонымен қатар, іс-шара студенттерге қоғамдық бірлестік пен ұйымшылдық құндылықтарын дамытуға, өздерінің креативтілік пен кәсіпкерлік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қайырымдылық жәрмеңкелер университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып отыр. Осындай іс-шаралар арқылы студенттер адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық мәдениетін насихаттайды, университет қауымдастығының қоғаммен байланысын нығайтады.


Басқа жаңалықтар