Мехматтың Ө.А.Жолдасбеков атындағы үлкен залында бұқаралық апарат құралдарында жиі көтерілетін суицидтің алдын алу тақырыбына арналған факультеттің 1 курс студенттерімен кездесу өткізілді. Жүздесуге университетіміздің Әлеуметтік-тәрбие департаменті психологиялық қолдау қызметінің мамандары Турлықожа Темірлан Бекетұлы мен Сайлауов Асет Төлегенұлы шақырылып, сабақтан бос куратор-эдвайзерлер қатысты.
Заман өткен сайын жастар психологиясы да өзгеріске ұшырап жатыр. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауына отбасылық проблемалар, қоғамдағы қиындықтар, әлеуметтік қарым-қатынастар, жеке бастың түйткілдері түрткі болып отырғаны да түсінікті.
Кездесу барысында оқушы жастарды суицидке итермелейтін негізгі себептер – физикалық және психикалық зорлық-зомбылық, ата-аналардан қолдау таппау, достарының немқұрайлылығы мен түсіністпеушілігі – аталды. Соңғы кезде белең алған студенттеріміздің негізгі білім алу құралы компьютер мен интернетке тәуелділік те басты фактор ретінде қарастырылды.
Шақырылған психолог мамандар студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап беріп, оларды болашақта ұйымдастырылатын тренингтерге пәрменді қатысуға шақырды.



Б.Қ.Әбенов,
факультеттің аға куратор-эдвайзері
Басқа жаңалықтар