«Микробиом және денсаулық: ішектен миға дейін»
Биотехнология кафедрасында 22 қазан күні «Микробиом және денсаулық: ішектен миға дейін» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара адамның микробиомының денсаулық пен әл-ауқатқа әсерін талқылауға арналды.
Бұл дөңгелек үстел Тұрақты даму мақсаты №3 — “Денсаулық пен жақсы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету” аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараны биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Абдулжанова М.А. және Шокатаева Д.Х. ұйымдастырды. Талқылауға «Биотехнология» мамандығының 4 курс студенттері белсенді қатысып, микробиомның адам ағзасына әсері туралы өз ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- ішек микробиомының иммунитетке және психикалық жағдайға әсері;
- микробиомның мидың жұмысына ықпалы;
- пробиотиктер мен постбиотиктерге қатысты заманауи зерттеулер;
- дұрыс тамақтану мен өмір салтының микробтық тепе-теңдікке әсері.
Дөңгелек үстел студенттер мен оқытушыларға ғылыми пікір алмасу және тәжірибе бөлісу алаңы болды. Қатысушылар микробиомды зерттеу медицинаның, биотехнологияның және аурулардың алдын алудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті.
Сау микробиом — сау адам!
Материал биотехнология мамандығының 4 курс студенттерімен Абдулжанова М.А. жетекшілігімен дайындалды.

Басқа жаңалықтар