2025 жылдың 29 қарашасында 3 курс, Логистика мамандығы ЛГ23 К2 тобының студенттері «Farabi Greencampus: Таза универ» жобасына (Кампусты және айналамызды таза әрі жасыл етуге бағытталған жоба) өз үлестерін қосты. Бұл жоба қалдықтарды азайтуға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған «Жауапты тұтыну және өндіріс» 12-ші тұрақты даму мақсатының (ТДМ) қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер университеттің оқу корпустары мен демалыс аймақтарындағы қоқыстарды жинап, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын талқылап, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің тиімді тәсілдері туралы ақпараттық парақшалар таратты.
Бұл шара тек тазалық акциясы емес, студенттердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға және тұрақты даму идеясын қолдауға бағытталған маңызды бастама болды.
Мұндай экологиялық жобалар жастардың табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастырып, «жасыл» университет мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосады. Студенттер болашақта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, экологиялық тұрақтылықты арттыруға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ұйымдастырушылар: Бизнес-технологиялар кафедрасының ПОҚ, топ эдвайзері аға оқытушы Болтаева А.Ж., Тулебаева Н.Т.
Басқа жаңалықтар