«Эко-волонтерлік қозғалыс» челленджі
2025 жылдың 14 қарашасында Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Калбирова Толкын Нышанбековна 1-курс студенттерінің қатысуымен «Эко-волонтерлік қозғалыс» челленджі аясында ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың климат мәселелеріне қатысты саналы көзқарасын қалыптастыру, экологиялық белсенділікті арттыру және күнделікті өмірде көміртегі ізін азайтуға бағытталған дағдыларды дамыту болды.
Шара барысында студенттер климаттың өзгеруінің негізгі себептері мен салдарын талқылап, бейнематериалдар көріп, «эко-волонтерлік бастамалар» бойынша топтық жұмыс жасады. Әр топ университет аумағында және қала ішінде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған өз жобаларын постер түрінде ұсынды.
Іс-шара соңында студенттер климаттың өзгеруіне қарсы күресте жеке және ұжымдық әрекеттің маңызын түсініп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірледі.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Калбирова Толкын Нышанбековна, «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар