ТДМ №4: Университеттегі тәртіп: көңіл қалауы емес, қажеттілік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде физика-техникалық факультетінің 3-курс студенттері үшін кураторлардың (А.Б. Ашикбаева, Ж.М. Молдабеков және А.У. Утегенов) ұйымдастыруымен тәрбие сағаты форматында дискуссиялық және танымдық іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты – студенттерде оқу процесінде дисциплинаның маңызын саналы түсіну, жауапкершілік, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамыту және университет талаптарына құрметпен қарауды қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында келесі міндеттер шешілді:
-
Дисциплинаның жеке және кәсіби мақсаттарға жетудегі рөлін көрсету;
-
Студенттердің өз уақытын және оқу қызметін тиімді ұйымдастыру қабілеттерін дамыту;
-
Мінез-құлық мәдениеті мен академиялық адалдықты қалыптастыру;
-
Оқу нәтижесіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында «дисциплина» ұғымы мен оның адамның өміріндегі маңыздылығы талқыланды. Студенттерге дисциплина тек ережелерді сақтау емес, ішкі мәдениеттің, өзін-өзі бақылаудың және қоршаған адамдарға құрметтің көрінісі екені түсіндірілді.
Студенттер өз ойларын бөлісіп, дисциплинаның жеке жетістікке жетуге, мотивацияны арттыруға, топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыруға және кәсіби қасиеттерді дамытуға қалай ықпал ететіндігін айтып, ой бөлісті.
Бұл іс-шара студенттердің академиялық және кәсіби дамуына бағытталған тәрбиелік жұмыстардың маңызды үлгісі ретінде бағаланды.
