Педагогикалық практика аясында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты ТДМ 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздіFarabi University

Педагогикалық практика аясында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының магистранты ТДМ 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді

11 қараша, 2025

Педагогикалық практика шеңберінде «7М05409 – Қолданбалы және есептеу математикасы» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Жүсіпова Гүлсезім Берікқызы «6В05405 – Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара куратор-эдвайзер  Қулбай Мағира Назымхикматқызының жетекшілігімен ұйымдастырылып, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясындағы 8-мақсат: «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» тақырыбына арналды.

Тәрбие сағаты барысында қатысушылар лайықты еңбек пен экономикалық өсудің қоғамдағы маңызын жан-жақты талқылады. Сабақ барысында еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, жастарды жұмыспен қамту, әділ еңбек шарттарын қамтамасыз ету және экономикалық тұрақтылықты арттыру жолдары қарастырылды.

Жүсіпова Гүлсезім Берікқызы өз баяндамасында лайықты еңбек адамның өмір сапасын жақсартып қана қоймай, қоғамның әлеуметтік теңдігін нығайтып, тұрақты экономикалық дамуға жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстандағы экономикалық даму стратегиялары, жас кәсіпкерлікті қолдау мен инновацияларды енгізудің маңызы туралы нақты мысалдар келтірді.

Іс-шара пікірталас және ашық сұхбат форматында өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларын, пікірлерін және тәжірибелерін ортаға салды. Олар еңбек мәдениетін қалыптастырудың, кәсіби дағдыларды дамытудың және қоғамның экономикалық өсуіне үлес қосудың маңыздылығын атап өтті.

Тәрбие сағатының қорытындысы ретінде қатысушылар ТДМ-8: “Лайықты жұмыс және экономикалық өсу” бағытының қазіргі замандағы өзектілігін ерекше атап өтті. Әрбір азаматтың адал еңбегі мен жауапкершілігі – тұрақты дамудың басты тірегі деген ортақ пікірге келді.

 

Қорытындылай келе, өткізілген іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» бағыты аясында маңызды мәнге ие болды. Ашық сабақ барысында жастардың еңбекке деген құлшынысын арттырып, жауапкершілік пен кәсіби дамуға ұмтылысын нығайтуға ықпал етті. Мұндай тәрбиелік мәні жоғары шаралар студенттердің болашаққа сеніммен қадам басуына және елдің экономикалық өркендеуіне өз үлесін қосуға мотивация береді.

Соңында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі м.а. Маусумбекова Сауле Джумакановна сөз алып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Ол ТДМ-8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсаты аясында мұндай кездесулердің жастарды еңбекқорлыққа, табандылыққа және кәсіби дамуға баулудағы рөлін ерекше атап өтіп, студенттерге алдағы уақытта елдің өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының PhD, аға оқытушысы М.Н. Қулбай

«7М05409-Қолданбалы және есептеу математикасы» білім беру бағдарламасының магистранты Г.Б. Жүсіпова