ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІКFarabi University

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК

15 қараша, 2025

6В05202 – Экология мамандығы 2 курс қазақ бөлімі студенттері мен кураторлар Г.А. Мұқанова және Л.С. Курбанова «Әлеуметтік желідегі жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаты №16 – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында ұйымдастырылды.

Кураторлық сағат барысында студенттерге әлеуметтік желідегі жауапкершілік әр қолданушының борышы болып табылатыны түсіндірілді. Онлайн-алаңда белсенді болу тек еркіндік қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілікті де талап етеді.

Іс-шара барысында қарастырылған мәселелер:

  • әлеуметтік желілерді қолданудың артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері;
  • әлеуметтік желілердің пікір алмасу және ақпарат алмасу платформасы ретіндегі рөлі;
  • цифрлық ортадағы этика мен мәдениет қағидалары;
  • ақпаратты тиімді пайдалану және цифрлық гигиенаны сақтау әдістері.

Адамгершілік, адалдық және әдептілік қағидаларын сақтау әлеуметтік желі қолданушылары үшін маңызды екендігі айтылды. Ақпаратты алдын ала тексермей және сыни тұрғыдан бағаламастан жариялау дұрыс емес екені атап өтілді.

Осылайша, әлеуметтік желілерді дұрыс және жауапкершілікпен пайдалану өзіміздің және айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігі мен беделін қорғауға ықпал етеді. Еркіндік пен жауапкершілікті бірге ұстау – қазіргі заманғы цифрлық қоғамның қажетті талабы болып табылады.