Шығыс Қазақстан сақ ескерткіштері: университетаралық ғылыми таныстырылым
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы, археолог Шакенов Самат Талғатұлы 2025 жылдың 12 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Шығыс Қазақстандағы сақ ескерткіштері: жаңа ашылымдар және пәнаралық зерттеу нәтижелері» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.
Іс-шара жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылып, Шығыс Қазақстан аумағындағы сақ дәуіріне жататын ескерткіштерді зерттеудің соңғы нәтижелерін, сондай-ақ археологиядағы пәнаралық әдістердің ғылыми мүмкіндіктерін талқылауға арналды.
Дәріс барысында соңғы жылдардағы далалық зерттеулердің материалдары, радиокөміртекті талдаулар, археозоологиялық және изотоптық зерттеулер, сондай-ақ 3D-цифрландыру әдістері жөнінде деректер ұсынылды.
Бұл кездесу университет студенттеріне археологиялық зерттеулердің жаңа ғылыми бағыттары туралы жан-жақты ақпарат беріп қана қоймай, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша кәсіби бағдар жұмысының маңызды бөлігі болды. Археология, пәнаралық антропологиялық зерттеулер және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау салаларына қызығушылар үшін дәріс болашақ ғылыми траекторияларды айқындауға мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар