Экономика және Бизнес жоғары мектебі
Менеджмент кафедрасы
Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының тарихы 1995 жылы университет ректоры, академик К.Нарибаевтың бастамасымен құрылды. Кафедра бірнеше мәрте атау транформациясына ұшырап, атауын 2011 жылы «Менеджмент және бизнес» пен «Маркетинг және коммерция» кафедраларының бірігуі нәтижесінде алды. Құрылған уақытында ең алғашқы дайындайтын мамандық тек «Менеджмент» болғанымен, өз әлеуетін ұтымды пайдаланып, 2001 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен толығып, кейін «Маркетинг» пен «Логистика» сияқты мамандықтармен кеңейді. Қазіргі таңда мемлекетті, ұйымды тиімді басқару - замануи еліміздің негізгі міндеті болып табылатындықтан, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін 2019 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінде жеке «Менеджмент» кафедрасы құрылды. Негізі қаланғаннан бері осы уақытқа дейін кафедра ұжымын профессорлар Кубаев К.Е., Мұхтарова Қ. С., Тургинбаева А.Н. сияқты Қазақстанның білім беру мен ағарту саласының көшбасшылары басқарған. Кафедра Қазақстан Республикасының атақты академик-профессорларын, еңбік сіңірген ғылыми қызметкерлері мен доценттерін біріктіретін жоғары кәсіби ұжым болып табылады. Кафедра оқытушыларының бірқатары ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды: Кубаев К.Е. (2006 ж.) э.ғ.д., профессорТургинбаева А.Н. (2007 ж.), э.ғ.к., доцент м.а. Купешова С.Т. (2014 ж.), э.ғ.д., профессор м.а. Кунанбаева Д. А. (2015 ж.) аталмыш грантының иегерлері. Кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бұл күндері біздің кафедра 6 профессорды, 4 PhD докторлары мен 10 доценттерді біріктіріп, елдің интеллектуалды және ғылыми потенциалын дамытуда өлшеусіз үлес қосуда. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын бағалайтын агенттіктердің FIBAA сияқты беделді халықаралық аккредитацияларынан өтіп, өз сапасын дәлелдеді. Осы күндері біздің кафедра түлектері тек Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Түлектердің көбісі ұлттық және халықаралық экономиканың барлық салаларында, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап, елдің мақтанышына айналды. Жыл сайын оқу бітіретін түлектердің көбісі өз білімдерін ары қарай жалғастыру мақсатымен әлемнің үздің оқу орындарына түсіп, университеттің абыройын арттыруда. Кафедраның халықаралық әріптестермен орнатқан байланыстары да өте нық әрі ауқымды. Білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру мақсатымен кафедра өз студенттерін, магистранттарын және докторанттарын әріптес университтерге академиялық мобильділік, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибелерге, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларға жіберіп отырады.
Кафедра меңгерушісі
Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызы
Кафедра байланыстары
Кафедра тарихы
Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедрасының тарихы 1995 жылы университет ректоры, академик К.Нарибаевтың бастамасымен құрылды. Кафедра бірнеше мәрте атау транформациясына ұшырап, атауын 2011 жылы «Менеджмент және бизнес» пен «Маркетинг және коммерция» кафедраларының бірігуі нәтижесінде алды. Құрылған уақытында ең алғашқы дайындайтын мамандық тек «Менеджмент» болғанымен, өз әлеуетін ұтымды пайдаланып, 2001 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен толығып, кейін «Маркетинг» пен «Логистика» сияқты мамандықтармен кеңейді. Қазіргі таңда мемлекетті, ұйымды тиімді басқару - замануи еліміздің негізгі міндеті болып табылатындықтан, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін 2019 жылы Экономика және бизнес жоғары мектебінде жеке «Менеджмент» кафедрасы құрылды.
Негізі қаланғаннан бері осы уақытқа дейін кафедра ұжымын профессорлар Кубаев К.Е., Мұхтарова Қ. С., Тургинбаева А.Н. сияқты Қазақстанның білім беру мен ағарту саласының көшбасшылары басқарған. Кафедра Қазақстан Республикасының атақты академик-профессорларын, еңбік сіңірген ғылыми қызметкерлері мен доценттерін біріктіретін жоғары кәсіби ұжым болып табылады. Кафедра оқытушыларының бірқатары ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» атанды: Кубаев К.Е. (2006 ж.) э.ғ.д., профессорТургинбаева А.Н. (2007 ж.), э.ғ.к., доцент м.а. Купешова С.Т. (2014 ж.), э.ғ.д., профессор м.а. Кунанбаева Д. А. (2015 ж.) аталмыш грантының иегерлері. Кафедра құрамы жоғары кәсіби қызметкерлерден тұрады. Бұл күндері біздің кафедра 6 профессорды, 4 PhD докторлары мен 10 доценттерді біріктіріп, елдің интеллектуалды және ғылыми потенциалын дамытуда өлшеусіз үлес қосуда. Кафедра дайындайтын мамандықтардың оқу бағдарламалары жоғарғы білім беру сапасын бағалайтын агенттіктердің FIBAA сияқты беделді халықаралық аккредитацияларынан өтіп, өз сапасын дәлелдеді.
Осы күндері біздің кафедра түлектері тек Қазақстан бойынша ғана емес, ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып табылады. Түлектердің көбісі ұлттық және халықаралық экономиканың барлық салаларында, мемлекеттік қызметте жұмыс жасап, елдің мақтанышына айналды. Жыл сайын оқу бітіретін түлектердің көбісі өз білімдерін ары қарай жалғастыру мақсатымен әлемнің үздің оқу орындарына түсіп, университеттің абыройын арттыруда.
Кафедраның халықаралық әріптестермен орнатқан байланыстары да өте нық әрі ауқымды. Білім беру мен маман даярлау сапасын арттыру мақсатымен кафедра өз студенттерін, магистранттарын және докторанттарын әріптес университтерге академиялық мобильділік, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибелерге, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларға жіберіп отырады.