Физика-техникалық факультет
ҚАТТЫ ДЕНЕ ФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Кафедрада материалтану, нанотехнология, радитехника, электроника және телекоммуникациялар, физика және астрономия саласында қазіргі заманға сай жоғары білікті мамандарды даярлайды. Студенттер білім қорын кеңейтумен қатар, қарқынды дамып жатқан қоғамдық, экономикалық ортада өз білімдерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті жаңа өнімдер мен қызметтерді ойлап табуға бейімделеді. Оқу үрдісі ғылым, өндіріс және педагогика саласында мол тәжірибеге ие жоғарғы білікті мамандармен қамтылған. Олардың ішінде физика және техникалық бағыттар бойынша жұмыс істейтін ғылым докторлары және кандидаттары, профессорлар, доценттер,PhD, магистрлер бар. Стунденттерді оқытуға республикамыздағы және шет елдердегі алдыңғы қатарлы ғалымдар үлес қосады.омск политехникалық универсиетімен бірігіп жасалатын тәжірибелер мен дипломдық жұмыстарды жазу қарастырылған. Кафедра оқытушылары ұлттық және жалпы факультеттік базалар негізінде арнайы курстар өткізеді.
Кафедра меңгерушісі, доцент
Мухаметкаримов Ержан Советбетович
Кафедра байланыстары
Кафедра телефоны:
+7 (727) 377-33-33 ішкі.(15-47)
Кафедра мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., аль-Фараби даңғ., 71
Корпус 12, Физика-техникалық факультет, 3 этаж, 309 каб.
Кафедра тарихы
Қатты дене физикасы және материалтану кафедрасы 1967 жылы М.И.Корсунскийдың бастамасымен құрылған. 1974 жылдан 2008 жылға дейін кафедраны М.И.Корсунскийдың шәкірті және ізбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, физика-математика ғылымының докторы, профессор Ш.Ш.Сарсембинов басқарды.
Бейсызық физика және электроника кафедрасы 2000 жылы құрылды. Негізін салушы және кафедраның бірінші меңгерушісі физика-математика ғылымының докторы, профессор З.Ж.Жанабаев болды. 2011 жылы қайта құрылымға байланысты бейсызық физика кафедрасы қатты дене физикасы мен материалтану кафедрасымен бірігіп, қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасы деп аталынды. 2024 жылы қатты дене физикасы және сызықты емес физика кафедрасы астрофизика және электроника және қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедраларына бөлінді.
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf