Экономика және Бизнес жоғары мектебі
Құрметті достар, Экономика және бизнес жоғары мектебіне қош келдіңіздер! Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі - 1949 жылы ашылып, 1963 жылы Алма-ата халық шаруашылығы институтының құрылуына негіз болған, Қазақстандағы жоғары білікті экономистерді даярлайтын ең алғашқы және кең ауқымды қамтитын орын болып табылады; Мұнда жыл сайын экономика және бизнес, менеджмент және маркетинг, қаржы, есеп және аудит саласында факультеттен түлеп ұшатын 500-дан астам бакалавр, магистр және Ph.D. докторлары бар; Жоғары кәсіби оқытушылар ұжымы, оның ішінде 20 ғылым докторы, 45 ғылым кандидаты, 10 PhD докторы; классикалық университет дәстүрлерінің заманауи оқыту технологияларымен үйлесімін табады;

Декан
Даулиева Галия Рахметовна
050038, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71, БОҒ (Бас оқу ғимараты) – 3 Б,
Факультет
– 1949 жылы негізі қаланған, ең алғашқы деканы – ғылымына еңбек сіңірген қайраткер Федор Алексеевич Жеребятьев.
– Қазақстан Республикасындағы экономикалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар, магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындайтын ең үлкен және ең алғаш құрылған орын.
– Профессорларлық-оқытушылық құрам әрі беделді ғалымдар, әрі келешегі зор жас ғалымдардан тұрады, олар өз кезегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әртүрлі уақытта жұмыс істеген танымал отандық экономистердің ізін қуып, ғылыми дәстүрлерін жалғастырып келеді.
– 70-жылға жуық тарихында экономикалық профильдегі 15000-нан астам маман, 270 ғылым докторлары мен кандидаттарын, 2000 магистрлер мен Ph.D. докторларын дайындап шығарды.
– Жыл сайын мемлекеттік білім грантының иегері атанған абитуриенттердің жартысынан астамы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебін таңдайды. Себебі:
- біздің түлектеріміз табысты әрі бәсекеге қабілетті және бизнес, ғылым, білім салаларында, ұлттық және шетелдік компанияларда, мемлекеттік қызметте жоғары сұранысқа ие;
- біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім алып, өздеріне қолайлы жеке оқу траекториясы мен оқыту формасын таңдай алады;
- біздің студенттер екі дипломдық білім беру бағдарламалары арқылы шетелдік әріптес университеттің де дипломын алу мүмкіндігіне ие;
- біздің студенттер оқудың бірінші күнінен бастап ғылыми-зерттеу қызметіне, жетекші ғалымдардың ғылыми жобаларына қатыса алады;
- біздің студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді ат салыса отырып, өздерін ары қарай жетілдіруге, жан-жақты дамытуға мүмкіндік алады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Білім беру бағдарламасы коммерциялық ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдар үшін отандық және халықаралық кеңістіктерде өндірістік және іскерлік үрдістерді сауатты ұйымдастыруға, ұйымның позициялау стратегиясын құруға қабілетті әр түрлі қызмет салаларын басқару саласында мамандарды даярлау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи талаптарға жауап беретін және бухгалтерлік есеп, аудит, кәсіпорындардың шаруашылық қызметін талдау салаларында білімі бар және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау
Білім беру бағдарламасының мақсаты - заманауи қоғам дамуының деңгейіне және еңбек нарығының талаптарына сай келетін, экономиканың әр түрлі салаларында экономикалық талдау, бизнес-процесстерді жоспарлау және басқару әдістерін кәсіби қолдана алатын бітірушілерді сапалы дайындау.
Білім беру бағдарламасының мақсаты тек экономика саласында ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және жергілікті басқару саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет саласында еркін бағдарланған басқарушыларды дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты қазіргі заманғы логистикалық әдістерді қолдану негізінде кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шеше алатын, логистикалық қызметтің қағидалары мен тұжырымдамаларын кәсіби меңгерген, халық шаруашылығының барлық салаларында кәсіби қызметке түлектерді дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – заманауи талаптарға жауап беретін және қаржы және қаржы жүйесі, банктер және банк жүйесі, қаржы менеджменті, бағалы қағаздар нарығы саласында білімі бар, қаржылық есептілікті жасау кезінде сыни талдау жасайтын білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау. қаржылық жүйелер саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын және оларды тәжірибеде қолдана алатын шешімдер
Мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін маркетинг саласында теориялық білімдер мен зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдану, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда кәсіби қызметтерді орындау, кәсіпорындардың маркетингтік қызметін талдау және жоспарлау, қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып маркетинг саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.
Отандық және жаһандық еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкес экономика саласында терең дағдылары бар, цифрлық экономиканы, электрондық бизнесті және цифрлық ресурстарды пайдалана отырып коммерцияны дамыту саласындағы міндеттерді шешуге қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Бағдарлама жобаларды басқару саласында қазіргі заманғы білімді түсіндіру және жалпылау, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, жобаның мақсаты мен міндеттерін, жобаны орындау мерзімін анықтау, жобаны іске асыру процесін талдау және басқару, жоба командасын қалыптастыру, жобаның Жарғысы мен бизнес-жоспарын әзірлеуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
ББ мақсаты - инновациялық менеджмент саласында құзыретті, креативті ойлауға және кәсіптік мәдениеттің жоғары деңгейіне ие, инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың заманауи ғылыми және практикалық мәселелерін шешуге, отандық бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, басқарушылық , ғылыми-зерттеу, педагогикалық жұмыстарды мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдарда қызмет атқаруға қабілетті жоғары білікті менеджерді дайындау.
Бәсекеге қабілетті білім беру ортасындағы ең жоғары академиялық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы экономика саласында терең білімі мен азаматтық ұстанымы бар, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, дағдарысқа қарсы практикалық қызметтің қазіргі заманғы әдістерін меңгерген және педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыратын магистрлерді даярлау.
Бағдарламаның мақсаты - 7М04117– Есеп және аудит мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында терең ғылыми, педагогикалық, кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге, аналитикалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Логистика (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының мақсаты ең аз кедергілермен капитал, тауар, ақпарат және еңбек ресурсының бірыңғай экономикалық кеңістігін құру үшін макро-мезологистикалық жүйелер бойынша құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Бағдарлама халықаралық маркетинг саласында ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған; жаңа тұжырымдамалар негізінде ЖОО-да маркетингтік пәндерді оқытуды қамтамасыз етуге; ақпараттық технологияларды тарта отырып зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға, зерттеу нәтижелерін өңдеуге, маркетинг кешенінің барлық элементтеріне талдау жүргізуге; маркетинг стратегиясын әзірлеуге, олардың жетістіктеріне қол жеткізуге және маркетингтік технологияларды, сыртқы нарықтарда жұмыс істейтін ұйымдарда құралдарды енгізуге бағытталған.
Білім беру бағдарламасының мақсаты ішкі және сыртқы орта параметрлерінің өзгеруі жағдайында ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер командаларын, жобалар мен инновацияларды басқару саласында қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын және педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыратын жаңа форматтағы білікті кадрларды дайындау болып табылады.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - академиялық және қолданбалы экономикалық мәселелерді, академиялық және аналитикалық салаларда шешу үшін қажетті жүйелік талдау мен әдіснамалық сауаттылық дағдыларына ие экономика саласындағы жоғары білікті бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау.
«Қаржы» білім беру бағдарламасының мақсаты - жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің және ғылыми-зерттеу саласының стратегиялық ойлау мен әлеуметтік жауапкершілігі бар, қаржы саласындағы теориялық және практикалық міндеттерді шешуде ғылыми білімнің әртүрлі әдістерін, қаржы-экономикалық әдістер мен тәсілдерді қолдануға қабілетті жоғары білікті мамандарын сапалы даярлау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есепті дамыту стратегиясын әзірлеу мақсатында жаңа іргелі және қолданбалы білімді қолдану, цифрлық технологияларды пайдалану негізінде бухгалтерлік есептің теориясын, әдіснамасын жетілдіру және ұйымдастыру, ішкі бақылау және қаржы-шаруашылық қызметті кешенді экономикалық талдау бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
Іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы бар, мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы теориялары мен инновациялық әдістерін меңгерген, басқару саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын, мемлекеттік басқарудың стратегиялық талдауының теориялық және әдіснамалық негіздерін және басқару жүйелерін жобалаудың қазіргі заманғы теориялары мен әдістерін терең зерделей алатын, инновациялық басқару технологияларын пайдалана алатын, мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтерін ұйымдастыра және табысты жүзеге асыра алатын PhD докторларын дайындау.
ББ мақсаты логистикалық жүйелер мен процестерді оңтайландыру саласындағы ғылыми зерттеулерге креативті ойлау және шығармашылық көзқарас негізінде идеялар қалыптастыруға қабілетті іргелі ғылыми және кәсіби дағдылары бар PhD докторларын даярлау болып табылады
ББ мақсаты заманауи маркетингтік теория мен тәжірибе талаптарын ескере отырып, ақпараттық және сандық технологияларды, инновациялық және интеграциялық бастаманы пайдалану көмегімен жаңа іргелі және қолданбалы білімді құру негізінде ғылыми-зерттеу, сараптамалық, басқарушылық және педагогикалық қызметті табысты жүзеге асыра алатын отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маркетолог, зияткерлік және кәсіби элитаны сапалы дайындау болып табылады.
Жобалық басқару міндеттерін идеяларды әзірлеуден бастап оны коммерциялық іске асыруға дейін; шаруашылық жүргізуші субъектілердің ииновациялық дамуының жаңа бағыттарын қалыптастыру; инновацияларды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру арқылы кешенді шешу саласында терең ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық білімі бар жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
Менеджмент саласында жоғары білікті, жоғары азаматтық ұстанымы бар, үдерістер мен кадрлық активтерді басқара алатын, компанияның стратегиясын қалыптастыра алатын, стратегиялық және жедел міндеттерді анықтай алатын және қазіргі заманғы IT-технологияларды пайдалана отырып, басқару құралдарын қолдану арқылы олардың жетістіктеріне қол жеткізе алатын ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
Жобаларды басқару ғылымының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерделеу негізінде экономикада, білім беруде, әлеуметтік салада инновациялық жобалық қызметке қабілетті, сондай-ақ жобаларды басқару ғылымын дамытатын жаңа тұжырымдамалық білім құруға қабілетті сабақтас ғылыми салалар мен цифрлық технологиялардың білімі мен әдіснамасын жүйелі пайдалана алатын жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, ғылыми пікірталастар жағдайында, соның ішінде халықаралық пікірталастарда, мамандарға оны дәлелді түрде ғылыми іс-шараның жұмыс тілінде таныстыру.
ББ мақсаты қазіргі жаһандық экономикалық ортаның талаптарына сай келетін, елдегі және әлемдегі заңнамалық өзгерістер мен қаржылық жағдайларға жедел және тиімді жауап беруге қабілетті, ғылыми-бағдарланған ойлау, практикалық дағдылардың кең спектріне ие қаржы және салық салу саласындағы әмбебап мамандар мен консультанттарды даярлау болып табылады:қаржы және салық салу саласында іргелі ғылыми білімі бар, шет тілдерін, қазіргі заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды кәсіби меңгерген; - қаржы нарықтарындағы өзгерістерді сыни тұрғыдан талдай алатын және компания қызметін басқара алатын, тиімді қаржылық шешімдерді бағалай және синтездей алатын маман; - ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу қызметін ұйымдастыру және табысты жүзеге асыру; - қаржы және салық консалтингі саласындағы ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуге құзыретті.
Экономика саласындағы келесі қабілеттерге ие жоғары білікті мамандарды сапалы дайындау: - қазіргі заманғы экономиканың негізгі принциптерін, әдіснамасын, әдістерін түсіндіру; - экономикадағы және мемлекеттің экономикалық саясатындағы ғылыми теориялар, тұжырымдамалар, себеп-салдар байланыстарын жүйелеуге және интерпретациялауға; - ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерді жетілдірудің негізгі тәсілдерін, басқару әдістерін, жаһандану жағдайында тәуекелдерді басқару негізінде түрлі салалардағы кәсіпорындардың қызмет стратегияларын әзірлеуді негіздеу; - әртүрлі деңгейдегі дамушы елдерде және тұтастай әлемде экономикалық, экологиялық, демографиялық және саяси үдерістерді талдау мен түсінудегі жүйелі тәсіл негізінде жаһандық үрдістерде тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу; - ел экономикасындағы ағымдағы жағдайды макроэкономикалық талдау тұрғысынан бағалау, дағдарыстық құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау және оларды экономикалық және математикалық модельдер негізінде жоюдың мүмкін жолдарын көрсету; - семинарларда және конференцияларда, оның ішінде халықаралық тілде сөйлегенде талқылау барысында өздерінің ғылыми пікірін қорғап, негізді түрде қорғай алады.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 мекен-жайы бойынша.
Телефон номері : +7 727 221-10-00, +7 727 221-10-10.
Ішкі: 1000
Магистратура және докторантура: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71
СҚО "Керемет",
тел. +7 727 377 33 30 – Қабылдау комиссиясы
Ішкі: 1000
Научно-исследовательская деятельность"
Жобаларды гранттық қаржыландыру: экономика мен бизнестегі ғылым және инновация
Қазіргі экономика жаңа білімді, технологияларды және басқару шешімдерін талап етеді. Гранттық қаржыландыру бизнесті, қаржылық жүйелерді және менеджменттің цифрлық трансформациясын дамытуға бағытталған зерттеулерді қолдауда шешуші рөл атқарады.
№ |
Жоба атауы, Толық аты-жөні Жетекші, лауазымы, атағы
|
Іске асыру негізі (зерттеу бағдарламасы – толық атауы): іргелі зерттеулер, қолданбалы, салалық, «Ғылым қоры» АҚ, бизнес/келісімшарт және т.б.
|
Қаржыландыру көлемі (мың теңге)
|
1 |
2 |
3 |
6 |
1 |
AP13268961 "Экономикалық өсу сапасының қазіргі Қазақстандағы кірістерді бөлудегі теңсіздікке әсері", жетекшісі: PhD, Темербулатова Ж. С. |
2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру (1 ағын) |
18 228 065 теңге |
2 |
AP14973003 "Сыртқы ортаның құбылмалылығы жағдайында Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін бағалау". Жетекшісі: PhD, Калиева А. Е. |
2022-2024 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру (2 ағын) |
16 802 588 |
3 |
АР19576425 "Цифрландыру және технологиялық өзгерістер дәуірінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне жоғары білім сапасының әсері", жетекшісі: PhD, Кондыбаева С. К. |
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру |
49 582 235,5 тенге |
4 |
AP23488218 "Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы мақсаттары үшін жинақтау мен пайдалану арасындағы мұнай кірістерін бөлудің әсерін зерттеу " жетекшісі: Мұхамедиев Б. М. |
2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс |
62 254 903 тенге |
5 |
AP09259851 "Қазақстандағы циркулярлы экономиканы дамыту: әлеует, үрдістер, перспективалар " жетекшісі: Даулиева Г. Р. |
2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс |
78 845 235 теңге |
6 |
АP19683020 Еуразия аймағындағы елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу жетекшісі: Рахматуллаева Динара Жақсылыққызы, Ph.D., аға оқытушы |
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға Конкурс (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі) |
68 604 660 тенге |
7 |
АР 19677016 Оңтүстік Қазақстанның тұрақты дамуы жағдайындағы әлеуметтік-бағдарланған кәсіпкерліктің экожүйелік моделі
Жоба жетекшісі: Джулаева Алмажан Мудирисовна – э.ғ.к, аға оқытушы |
Гранттық қаржыландыру 2023-2025 |
66713019,5 млн тенге |
8 |
«Жас Ғалым 2024-2026» бағдарламасы аясындағы жобаның тақырыбы - АР22685018 «Институционалдық зерттеу практикасының жоғары білім сапасын басқаруға және деректер негізінде тиімді шешім қабылдауға әсері». Жоба жетекшісі – Манарбек Гүлден Манарбекқызы
|
Жас Ғалым 2024-2026» бағдарламасы аясындағы жоба |
|
9 |
AP19576593 Жоба: Қазақстандық кәсіпорындардағы жауапты өндіріс SDG 12: әлеуетті және даму перспективаларын бағалауға қол жеткізу құралы ретінде.
Жоба жетекшісі: PhD докторы, қауымдасқан профессор Жидебекқызы А. |
7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер. 7.1 Әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 7.1.2 Микроэкономика, менеджмент, ғылым саласындағы зерттеулердің өзекті мәселелері. |
14 282 702 млн тенге |
10 |
AP19175800 Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың тиімділігін талдау Жоба жетекшісі: Жарлыгасинов Т.М. |
7. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер. 7.1 Әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 7.1.2 Микроэкономика, менеджмент, шаруашылық субъектілері және бизнес ортаны дамыту саласындағы зерттеулердің өзекті мәселелері. |
5 930 134 млн тенге |
11 |
ИРН АР 19678012 Тұрақты дамудың үштік тұжырымдамасы (ESG): теңгерімді аймақтық даму контекстіндегі бизнес мүдделері
Жоба жетекшісі: Адамбекова А.А. э.ғ.д., профессор Зерттеу түрі: қолданбалы |
7.1. Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу. Зерттеу түрі: әлеуметтік ғылымдар саласындағы қолданбалы, пәнаралық зерттеулер: 7.1.2. Микроэкономика, менеджмент, шаруашылық жүргізуші субъектілер және кәсіпкерлік ортаны дамыту саласындағы зерттеулердің өзекті мәселелері Бағыты: Әлеуметтік ғылымдар. Экономика және бизнес. |
58 825,3 млн тенге |
12 |
АР 23487228 Мемлекеттік басқарудағы жасанды интеллект технологиялары: мәселелері және қолдану перспективалары
Жоба жетекшісі: Сансызбаева Г.Н. э.ғ.д., профессор Зерттеу түрі: іргелі |
іргелі |
28 604,7 |
13 |
АР14871940 жобасы аясындағы ғылыми нәтижелер: «Магистральдық теміржол жолдарын диагностикалауға жауапты бөлімшелер қызметкерлерінің уақытын есепке алу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету, соның ішінде мобильді қосымша әзірлеу» жобасының жетекшісі – Наздана Джемс-Уатовна Адилова.
|
Қолданылған |
59337327,59 тенге. |
14 |
АР2348765 Инновациялық менеджменттің трансформациясы: жасанды интеллект өзгерістер катализаторы ретінде. Сагиева Р.К. э.ғ.д, доцент |
Негізгі жаңа және қолданылғанжылы зерттеу аймақ әлеуметтік ғылымдар: 1.7.Құрылымдық технологиялық жаңғырту және тұрақты аумақтық кеңістікте дамыту мемлекет, экономика және қоғам. |
79 206,8 |
15 |
AP19679105 "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикасын дамыту жағдайында ESG қаржы құралдарын трансформациялау" Нурмагамбетова А.З. э.ғ.к, қауымдасқан профессор |
Өтінім берілетін ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: 7. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер 1.3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеу саласы мен түрі: 7.1. Қоғамдық ғылымдар саласындағы іргелі, қолданбалы, пәнаралық зерттеулер 7.1.1 макроэкономикалық зерттеулердің өзекті мәселелері, Халықаралық экономикалық қатынастар мен саясат, ақша-несие және фискалдық саясат, экономикалық өсу және дағдарыс |
62 402 638,60 |
Әкімшіліктің мақсатты бағдарламалары: Басқару тиімділігі және бизнесті дамыту
№ |
Жоба атауы, Толық аты-жөні Жетекші, лауазымы, атағы
|
Іске асыру негізі (зерттеу бағдарламасы – толық атауы): іргелі зерттеулер, қолданбалы, салалық, «Ғылым қоры» АҚ, бизнес/келісімшарт және т.б.
|
Қаржыландыру көлемі (мың теңге)
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
BR18574200 Территориялық маркетинг негізінде Жаңа Қазақстанды құру жағдайында моноқалаларды жаңғырту Жоба жетекшісі PhD докторы, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі меңгерушінің орынбасары Товма Н.А. |
Iргелі зерттеу жұмысы |
117878882 тенге |
Халықаралық ынтымақтастық
Научно-образовательные и методические центры
Орталық жетекшісі - PhD, қаумдастырылған профессор Досжан Райгуль Дукенбаевна
Экономикалық зерттеулер орталығы – бұл экономикалық ғылымды дамытуға және өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін енгізуге бағытталған академиялық және ғылыми-зерттеу орны.
Біз зерттеушілерді, сарапшыларды және практиктерді біріктіріп, әлеуметтік прогреске және экономикалық дамуға ықпал ететін шешімдер әзірлейміз. Орталық тәжірибелі мамандарды да, жаңадан бастаған зерттеушілерді де қолдап, оларға маңызды өзгерістер жасау үшін құралдар, білім және мотивация береді.
Әрбір жобамыз бастапқы және екінші деңгейдегі деректерге негізделіп, академиялық стандарттарға және әлемдік үздік тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырылады. Біз теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жоюға, инновацияларды, пәнаралық тәсілдерді және қоғам игілігі үшін ынтымақтастықты дамытуға ұмтыламыз.
Зерттеу және жариялау қызметінің аясында біз шетелдік университеттермен белсенді ынтымақтастық жасаудамыз. Бұл халықаралық тәжірибе мен озық ғылыми тәжірибелерді жұмысымызға енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай ынтымақтастық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, білім алмасуға, жоғары рейтингті басылымдарға мақалалар жариялауға және мәдениетаралық ғылыми диалогты дамытуға ықпал етеді.
Орталықтың бағыттары
- Зерттеу жобалары. Біз тұтынушылардың мінез-құлқын талдау, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау, экономикалық стратегияларды әзірлеу сияқты клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделген зерттеу жобаларын жүзеге асырамыз.
- Сандық және сапалық талдау әдістері. Біз статистикалық талдау, тереңдетілген сұхбаттар мен фокус-топтарды қоса алғанда, заманауи зерттеу құралдарын қолданамыз, бұл нақты мақсаттарға қол жеткізуге қажетті мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.
- Нарық және тұтынушы мінез-құлқы. Нарықтық үрдістерді, тұтынушылардың мінез-құлқын және мәдени өзгерістерді зерттеу клиенттерімізге негізделген шешімдер қабылдауға және бәсекелестік артықшылыққа ие болуға көмектеседі.
- Әлеуметтік әсер. Біз ұйымдарға олардың бастамаларының әсерін өлшеуге, жетілдіру қажет салаларды анықтауға және әлеуметтік тиімділікті арттыру стратегиясын жасауға көмектесеміз.
Біздің жобалар мен бастамалар
- Жас зерттеушілерге арналған курстар. Біз студенттер мен жас ғалымдарға заманауи зерттеу әдістерін үйренуге және сенімді түрде қолдануға мүмкіндік беретін практикалық курстар ұсынамыз.
- "Біздің ғалым" подкасты. Біздің подкасты тыңдаңыз, онда біз өзекті ғылыми тақырыптарды талқылаймыз, сараптамалық пікірлермен бөлісеміз және жаңа буын зерттеушілерін шабыттандырамыз.
- Конференциялар мен дөңгелек үстелдер. Біз экономикалық мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін жергілікті және халықаралық деңгейде ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырамыз.
- Зерттеу тәжірибесі және тағылымдамалар. Біз экономика саласындағы магистранттар мен докторанттарға кәсіби өсуге ықпал ететін зерттеу тәжірибесі мен тағылымдамалар ұйымдастырамыз.
- Қысқы және жазғы зерттеу мектептері. Біз маусымдық мектептер өткіземіз, бұл қатысушыларға жетекші сарапшылардың жетекшілігімен өз білімдерін тереңдетуге және дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
- Аймақтық және халықаралық зерттеу курстары. Біз Қазақстанның аймақтарында және шетелдегі танымал зерттеу орталықтарында зерттеу курстарын ұйымдастырып, қатысушылардың халықаралық тәжірибе алуына жағдай жасаймыз.
Орталық басшысы - экономика ғылымдарының кандидаты, м.а. профессор Даулиева Галия Рахметовна
Модераторы - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгазиева Сауле Копешевна
Байланыс мәліметтері:
e-mail: yessengaziyeva.saule@kaznu.edu.kz
ұялы телефон: +77071056465
«Кәсіпкерлік және инновациялар» орталығы – өзекті мәселелерді шешуге, біліктілікті арттыруғажәне мансаптық өсуге қол жеткізуге бағытталған заманауи кәсіби оқыту орталығы. Қашықтықтан оқыту форматының арқасында Қазақстан мен ТМД елдерінің ЖОО және колледж оқытушылары белгіленген үлгідегі сертификаттармен расталған тәжірибелі сарапшылардан құнды білім ментәжірибелік дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болды.
Орталықтың миссиясы ҚазақстанРеспубликасының жоғары оқу орындары менколледждеріне педагогикалық кадрларға қосымшакәсіби білім беру саласында жоғары сапалы қызметкөрсету арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесу болып табылады.
Оқу және даму мүмкіндіктері:
Менеджерлер үшін экономика және кәсіпкерлік, білім беру ұйымын басқарудың өзекті мәселелері ментақырыптары бойынша тұрақты онлайн курстар.
Жақын және алыс шетел профессорларын тартаотырып, Халықаралық қысқы және жазғымектептерді ұйымдастыру.
Бүгінге дейін Алматы, Астана, Қостанай, Орал, Қызылорда, Шымкент қалаларындағы жоғары оқуорындарының оқытушылары Орталықта тағылымдамадан өтті.
Халықаралық қысқы/жазғы мектеп «Sustainable Development and ESG: Global Challenges, National Priorities, Effective Solutions» жұмысына АҚШ, Таиланд, Индонезия, Италия, Қытай, Сербия, Шри-Ланка, сондай-ақ Украина, Өзбекстан және Қырғызстаннан профессорлар қатысты. Халықаралық қысқы/жазғы мектепке Қытайдан, Өзбекстаннан, Украинадан, Қырғызстаннан және Қазақстаннан бакалаврлар, магистранттар мен PhD докторанттар қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Экономика және бизнес жоғарымектебінің «Кәсіпкерлік және инновациялар»орталығы Қазақстан Республикасының, сондай-ақ ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының, колледждері мен жалпы білім беретін мектептерінің оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.
Курс ұзақтығы: 2 апта (72 сағат), 1 апта (36 сағат). Осы кезеңде студенттер икемді жұмыс кестесіменжеке оқу бағдарламасына сәйкес оқуды аяқтай алады.
Өндіріс талап етсе, тараптардың келісімі бойыншабіліктілікті арттыру мерзімі өзгертілуі мүмкін.
Ұйымдастырылған оқу және біліктілікті арттырумақсатында алдын ала өтінім беруіңізді сұраймыз.
Тіркелу үшін студенттер келесі құжаттардытапсыруы керек:
- қолданба(https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfoDLf5E6OwbCT6iMdd2Xrvel7cDnxJPFwSBQes8XSOnJwYw/viewform?usp=sharing);
- жеке куәлік (көшірме);
- келісім 2 данада;
- оқу ақысын төлеу туралы түбіртек немесе төлемтапсырмасының көшірмесі.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғаларғасертификат беріледі.
«Smart Marketing and Logistics» орталығының директоры, э.ғ.к., профессор м.а. Ахметова Зауреш Болатхановна
Орталық өз жұмысын бастаған уақыттан бері 70-тан астам біліктілікті арттыру курстары аясында 300-ден астам тыңдаушыға сертификаттар берді.
Тыңдаушылар келесі отандық университеттерден болды:
• Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды қаласы
• НАО «Торайғыров университеті», Павлодар қаласы
• М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қаласы
• Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, Алматы қаласы
• Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті, Шымкент қаласы
• Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы қаласы
«Smart Marketing and Logistics» орталығы еліміздегі университеттер мен колледждердің оқытушылары, кәсіпкерлер мен мамандарына білім беру, ғылыми зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін ұсынатын ерекше орын алады.
Негізгі қызмет көрсету бағыттары:
1. Білім беру қызметтері
2. Ғылыми мектептер мен аралас курстар
3. Консалтингтік қызметтер
4. Халықаралық гранттық конкурстар
Орталық оқытушылардың біліктілігін арттыруға, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейтуге, жетекші университеттердегі ғалымдармен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруға бағытталған.
«Smart Marketing and Logistics» орталығы ғылыми қауымдастық пен бизнестен өзара тиімді және перспективалық ұсыныстарды әрқашан қабылдауға дайын.
Орталық директоры – Смағұлова Гүлжихан Советбекқызы, э.ғ.к., доцент
"Менеджмент және бизнес-білім беру" орталығы 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Экономика және бизнес Жоғары мектебінде "Менеджмент" кафедрасында жұмыс істейді. Орталық құрылған сәттен бастап ҚР жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын табысты іске асырып келеді, сондай-ақ бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдері үшін курстар өткізеді.
Орталықта іске асырылатын ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған барлық бағдарламалар педагогтердің пәндік саласындағы кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаларды менеджмент кафедрасының білікті профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлейді. Курстар ең өзекті және сұранысқа ие тақырыптарды қамтиды, мысалы:
- Цифрлық технологияларды қолдана отырып ЖОО-да оқыту әдістері
- Білім берудегі менеджмент
- Бизнесті басқарудағы заманауи мегатрендтер
- Экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында менеджмент пен кәсіпкерлікті оқытудың өзекті мәселелері
- Басқару пәндерін оқытудағы заманауи трендтер
- ҚР ЖОО-да инновациялық білім беру технологиялары
- Халықаралық деректер базасы Scopus және Web of Science - негізгі функционалдылық
- Scopus дерекқорындағы күмәнді және жыртқыш журналдарды қалай анықтауға болады.
Орталық сондай-ақ бизнес-құрылымдардың өкілдеріне басқарудың озық әдістерін меңгеруге, кез келген салада және ұйымда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті жаңа білім мен практикалық дағдыларды игеруге көмектесу арқылы қолдау көрсетеді. Орталықтың білім беру өнімдерінің портфолиосы мынадай бағдарламаларды қамтиды:
• Менеджмент
• Персоналды басқару
• Жобаларды басқару
• Стратегиялық менеджмент
• Бизнесті ұйымдастыру
• Қонақжайлылық индустриясындағы бизнестің тұрақтылығын басқару.
Курстар аяқталғаннан кейін белгіленген үлгідегі сертификат беріледі
Орталық жетекшісі - Сырлыбаева Н.Ш.
Орталық модераторы - Курбанова К.А.
«Қаржы және есеп» кафедрасындағы барлық ББ тәжірибеге бағдарлануы «Қаржылық технологиялар және бухгалтерлік есеп пен аудитті цифрландыру орталығы» арқасында жүзеге асырылады, ол 2023 жылы үш орталықтың: Исламдық қаржы орталығы, Биржалық трейдинг орталығы, Есепке алу, аудит және талдаудағы инновациялық құзыреттер орталықтарының (2018 жылдан бері жұмыс жасаған) бірігуінен құрылды.
Орталықта өткізіледі:
- Жыл сайын қысқы және жазғы мектептер;
- ББ-мен қос дипломды жұмыс.
- «Биржалық трейдинг» бойынша сертификатталған курстар;
- АХҚО қаржы секторының жергілікті мамандарына арналған тренингтер;
- Оқытушыларға арналған қысқа және орта мерзімді бағдарламалар;
- «Ислам қаржысына кіріспе» ЅРОС әзірленді;
- «1С бухгалтерлік есеп», «Негіздерден балансқа дейінгі есеп» курстары, лицензияланған аудиторға, кәсіби бухгалтерге емтихан тапсыруға дайындық курстары өтеді;
- ББ тартымдылығын арттыру үшін халықаралық сертификаттарды (CMA, ACCA, CFA) интеграциялай отырып, магистратура бағдарламаларын одан әрі дамыту жүргізіледі. Бұл магистратура және ішінара бакалавриат бағдарламаларын жаңғырту шеңберінде Халықаралық сертификаттаудан өту кезінде өзінің әрі қарайғы қызметінде қажетті білім алуына жәрдемдеседі.
2021 жылы ислам қаржысын оқытатын Үздік университет ретінде GIFA халықаралық байқауында бірінші орынға ие болды.
Есептегі, аудиттегі және талдаудағы цифрландыру бойынша виртуалды зертхана ашылды.
Ислам қаржысы бойынша шетелдік профессорлар Ахмад Афенди мен Дариош Джамшеди сабақ береді.
Біздің түлектер
Әубәкіров Яхия Әубәкірұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры (1972-1985)
Қазақстанның ғылыми экономикалық мектебінің негізін қалаушылардың бірі
Асанбаев Ерік Мағзұмұлы
Экономика ғылымдарының докторы
Қазақстан Республикасының вице-президенті (1991-1996)
ҚР Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі
Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
ҚазКСР Жоғары және орта білім министрі (1983-1987)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры (1991-2001)
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Еліміздің бірқатар жетекші жоғары оқу орындарының ректоры
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004, 2007)
Сатубалдин Сағындық Сатыбалдыұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері
Мамыров Нұрғали Құлшыманұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Алматы халық шаруашылығы институтының ректоры (1982-1987)
Сейтқасымов Ғабдығапар Сағитұлы
ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры (2007-2012)
Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007)
Алшанов Рахман Алшанұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
«Тұран» университетінің ректоры
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті
Никитинская Екатерина Сергеевна
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Иксанова Гүлнар Мұстахымқызы
Экономика ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
Экономика ғылымдарының кандидаты
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (2016-2019)
Нұрсейіт Айтқали Шоқалиұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Еуразия инновациялық экономика және басқару академиясының ректоры
Арын Ерлан Мұхтарұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры (2001-2012)
Павлодар облысының әкімі (2012-2013)
Әбішев Әли Әжімұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры (2005-2012)
Әшімбаев Маулен Сағатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы
Экономика ғылымының кандидаты
Halyk Bank-тің тәуелсіз директоры, директорлар Кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының қаржы министрі (2004-2006)
Спанов Мағбат Уарысбекұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры
Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (2016-2019)
Жақыпова Фатима Надырқызы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Аукенов Ерлан Мұратұлы
Алматы қаласы әкімінің көлік, әлеуметтік сала, халықты жұмыспен қамту және ТЖ мәселелері жөніндегі орынбасары
Біртанов Есжан Амантайұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары
Жүнісова Әсел Аблайқызы
Алматы қаласы әкімінің экономика, бюджеттік жоспарлау және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары
Қарашүкеев Ербол Шырақпайұлы
«ҚазАгро» Холдингі» АҚ басқарма төрағасы
Рыспеков Дастан Адайұлы
Ұлытау облысының әкімі