- Басты бет
- Психологиялық қолдау
- ТДМ №3: «Психологиялық денсаулық және оны сақтау жолдары» тақырыбында семинар-тренинг
ТДМ №3: «Психологиялық денсаулық және оны сақтау жолдары» тақырыбында семинар-тренинг
2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 3-мақсаты – «Денсаулық пен амандық» аясында «Психологиялық денсаулық және оны сақтау жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар-тренингтің мақсаты – студенттердің психологиялық саулығын нығайту, эмоциялық тұрақтылықты дамыту, стрессті жеңу дағдыларын қалыптастыру және жалпы өмір сапасын арттыруға бағытталған практикалық тәсілдерді үйрету болды.
Іс-шара барысында төмендегідей маңызды тақырыптар қамтылды:
-
Психологиялық денсаулық ұғымы және оның адам өміріндегі рөлі;
-
Стресс пен уайымның әсері және оларды жеңу жолдары;
-
Ішкі тепе-теңдік пен өзін-өзі реттеу дағдылары;
-
Эмоциялық интеллект және өз сезімін түсіну;
-
Оң ойлау мен мотивацияның психологиялық денсаулыққа ықпалы.
Семинардың практикалық бөлімі интерактивті психологиялық тренингтер мен топтық жаттығуларға арналды. Бұл тапсырмалар студенттерге өз эмоцияларын түсінуге, ішкі күйзелістерін жеңілдетуге және жағымды ойлау қабілетін дамытуға көмектесті.
Қатысушылар семинардан кейін пайдалы білім мен жаңа түсініктер алды, жағымды әсерге бөленді және өз психологиялық саулығына көбірек мән берудің маңызын түсінді.
Іс-шара жылы, қолдау мен сенімге толы атмосферада өтті. Студенттер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай психологиялық бағыттағы кездесулердің тұрақты өткізіліп тұрғаны жастардың тұлғалық және кәсіби дамуы үшін аса қажет екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар