3 курс студенттері «Туристік қызмет психологиясы» пәні аясында Алматы қаласындағы ең ірі туроператорлардың бірі — Pegas Touristik компаниясына танысу сапарын жүзеге асырды.
Экскурсия барысында студенттер ірі туроператордың жұмыс ерекшеліктерімен танысып, менеджерлердің клиенттермен өзара әрекеттесу тәсілдерін, сондай-ақ туристерді кеңес беру процесінде қолданылатын психологиялық әдістерді бақылады.
Компания өкілдері сату бөлімінің құрылымы, турларды таңдау алгоритмі, клиенттік сұраныстарды өңдеу жүйесі, әртүрлі туристер типтерімен коммуникация техникасы және клиенттердің адалдығын қалыптастыру әдістері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ерекше назар кәсіби қарым-қатынас, қақтығыстарды басқару және туризм саласындағы психологилық құзыреттіліктің маңыздылығына аударылды.
Бұл танысу сапары студенттердің теориялық білімін нақты тәжірибемен ұштастыруға, туроператор қызметінің қыр-сырын терең түсінуге және туристер мінез-құлқын талдау дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары Бейсахмет А.А., Моминов С.А.
Басқа жаңалықтар