ТДМ-4: «Психологиялық денсаулық маңыздылығы» тақырыбында семинар өттіFarabi University

ТДМ-4: «Психологиялық денсаулық маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті

20 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп,  ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында 20 қараша күні Механика-математика факультетінің студенттеріне психологиялық денсаулық мәселелеріне арналған лекция өткізді.

Лекция барысында мамандар:

  • психологиялық денсаулық дегеніміз не және оны сақтау не үшін маңызды екенін түсіндірді;

  • студенттердің эмоционалды жағдайына теріс әсер ететін факторларды атап өтті;

  • стресс, мазасыздық және оқу жүктемесімен күресудің тиімді әдістерін таныстырды;

  • университетте көмек алуға болатын орталықтар туралы мәлімет берді.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, бірнеше маңызды сұрақтар қойды, соның ішінде:

  • Эмоциялық күйзелістің алғашқы белгілерін қалай анықтауға болады?

  • Ішкі ресурсты қалпына келтіруге көмектесетін практикалық қадамдар қандай?

  • Оқуды, жұмысты және жеке уақытты стресссіз қалай үйлестіруге болады?

  • Психологқа қашан жүгіну қажет және университетте қандай қызметтер қолжетімді?

Лекция ашық және достық атмосферада өтіп, студенттердің өз психологиялық әл-ауқатына мән берудің маңызын тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.