«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренингFarabi University
Референдум 15 марта

«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренинг

9 ақпан, 2026

«Дұрыс тамақтану және өмір салты» атты семинар-тренинг

 

09.02.26 ж. Медицина және денсаулық сақтау факультеті эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында аға оқытушы, м.ғ.к. Г.А. Арынованың ұйымдастыруымен Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарындағы №3-ші «Мықты денсаулық және әл-ауқат» мақсатын жүзеге асыруға орай, «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 4-курс студенттері  Айтбек Назерке және Бауыржанқызы Мереймен бірге «Дұрыс тамақтану және өмір салты» тақырыбында танымдық тренинг өткізілді. Тренинг-семинарға «Қоғамдық денсаулық» мамандығының 2,3,4 курс студеттері қатысты (барлығы: 52 студент).

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің дұрыс тамақтану қағидалары мен салауатты өмір салтының ғылыми негіздері туралы білімін арттыру, сондай-ақ дұрыс әдеттердің денсаулыққа әсерін түсіндіру болды. Шара барысында дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері, белок-май-көмірсу теңгерімі, тамақтану тәртібінің маңызы, су ішу тәртібі, физикалық белсенділік, ұйқының жеткілікті болуы және зиянды әдеттердің адам ағзасына әсері нақты мысалдар мен кейс-тапсырмалар арқылы талқыланды.Тренинг интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.