Түрік тілін оқытудың мәдениетаралық және прагматикалық қырларыFarabi University

Түрік тілін оқытудың мәдениетаралық және прагматикалық қырлары

13 ақпан, 2026

2026 жылғы 12 ақпанда Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды кафедраның профессор м.а. ф.ғ.к. Дулаева Э. «Түрік тілінің мәдениетаралық коммуникациясы мен прагматикасы» тақырыбында өткізді.

Семинарға докторанттар мен магистранттар қатысып, мәдениетаралық коммуникация мәселелері, сондай-ақ түрік тілін қолданудың прагматикалық және практикалық аспектілері талқыланды. Іс-шара барысында әртүрлі мәдени ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктері, тілдік нормалар және кәсіби коммуникациядағы түрік тілінің рөлі жан-жақты қарастырылды.

Ғылыми-әдістемелік семинар қатысушылардың теориялық білімін тереңдетіп, ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң пікірге ие болды.

А.Т. Қыркымбекова