- Басты бет
- Жаңалықтар
- ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ БАС КОНСУЛДЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

9 ақпанда Иранның Алматы қаласындағы Бас консулдығы Иран Ислам Республикасының Ұлттық күні мен Ислам революциясы жеңісінің 47 жылдығына орай Алматы қаласында салтанатты шара өткізді. Жиынға шығыстану факультетінің деканы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, ирантану бөлімінің оқытушылары қатысты.
Шығыстану факультеті мен Иранның Алматы қаласындағы Бас Консулдығы арасында тығыз әріптестік қарым-қатынастар орнаған. Бас консулдық факультеттегі әртүрлі бірлескен мәдени шараларға белсене атсалысып келеді.
Салтанатты шарада Бас консул С. Ахмади ханым сөз сөйлеп, Иран мемлекетінің тарихы, жеткен жетістіктері туралы сөз сөйледі. Қазақстан үкіметі тарапынан 2026 жылы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы ынтымақтастық, саяси-экономикалық байланыстар туралы айтты.
Кеште Иранның танымал «Дарваг» музыкалық ұжымы өнер көрсетті. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енген «Зурхана» (Иранның дәстүрлі батырлар спорты) өнерінің көрсетілімі болды.
Басқа жаңалықтар